Парасаттылық пайымы ұлағатты ұстаздан
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттерінің бойына жеткізе білген, өз істеріне шынайы берілген ұстаздарымды – өзім білім алған Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылының № 126 орта мектебінің ұжымына айрықша алғыс айтамын.
Болашақ өмірімде шыншыл, білімді, парасатты болуға үйретіп, еңбектің арқасында жетістікке қол жеткізуге тәрбиелегендеріңіз үшін рахметімді білдіре отырып, әлемдегі бар жақсылық пен қуанышты тілеймін. Ұстаздық еңбектеріңіз абыройлы да, жемісті болсын дегім келеді,
Аймереке ДОСБОЛАЕВА,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
бөлім басшысы