Қостанай облысы: “Айбын” әскери – патриоттық жастар жиыны ұйымдастырылды

Өткен аптада онлайн форматта “Айбын” әскери-патриоттық жастар жиыны ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстағы психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы бастамашы болған еді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жиынға “Тайфун”, “Жас Сарбаз”, “Бүркіт” ӘӨК-нің үздік курсанттары-облыстық “Жас әскер” әскери-патриоттық слетінің жеңімпаздары, сондай-ақ олардың жетекшілері қатысты. Әр түрлі ведомстволардың өкілдері: Қостанай облысы әкімінің орынбасары – Бақыт Амангелдіқызы Есімова, Білім басқармасының басшысы – Зәуре Әнуарбекқызы Байменова, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ҚР Қарулы Күштері әскери-патриоттық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызметінің бастығы, майор – Болат Мұратұлы Маусымбаев, “Жас Сарбаз” РҚБ филиалының төрағасы Мерей Үсенұлы Сахиев балаларымен жеке кездесуге, күрделі, жауапты байқауларға қолдау көрсетуге келді, Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры – Елена Александровна Петренко.

Біздің облысты республика деңгейінде қорғайтын балаларды таныстыра отырып, Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Елена Петренко осы жиынға жоғары дайындықты атап өтті. Барлық балалар мұқият дайындалды, күштерін ұтымды бөлді, сонымен қатар Республикалық ұйымдастырушылардың атынан орталықта оларға арнайы форма, жаңа веб-камералар берілді, олар жиналғаннан кейін балаларға сыйлық ретінде қалады.

Бақыт Амангелдіқызы да команданың жоғары әлеуетін атап өтіп, бәсекелестік үлкен болатынын, байқаулық тапсырмалардың әртүрлілігі артқанын, сондықтан осы жылы курсанттардың жауапкершілігі бұрынғыдан да көп екенін атап өтті. Ол “Журналистика” сияқты жаңа, күрделі номинацияларда өнер көрсететін оқушылармен жеке сөйлесті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий