Білім берудегі деректер негізіндегі шешімдер
Асхат Аймағамбетов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық вебинарына қатысты. Онлайн-вебинар «Білім берудегі деректер негізіндегі шешімдер» тақырыбында өтті. Вебинарға сондай-ақ ЭЫДҰ Білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхер, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Мадина Тыныбаева және Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева қатысты, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл тәжірибесі талқыланды. ҚР Білім және ғылым министрі Қазақстан халықаралық салыстырмалы зерттеулерге белсенді қатысатынын атап өтті. Әлемдегі білім беру саласындағы жетекші алпауыттардың ұстанымдарын қолдану Қазақстанға ЭЫДҰ-ның Білім саясаты жөніндегі комитетінің қатысушысы атануға мүмкіндік берді.
Өз кезегінде ЭЫДҰ Білім беру және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шляйхер ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымының жұмысына жоғары баға берді. Өз сөзінде А. Шляйхер Ұйымның халықаралық аренада өзін жақсы жағынан танытқанын айтты. Ақпараттық-талдау орталығы күллі әлемде білім беру саласындағы ақпарат пен деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Биыл ұйым өзінің 10 жылдығын атап өтті.