Мамандар кеңесі: Жағдайдан шығудың жолы ұсынылады

Өмірде түрлі жағдайлар болады, агрессор тек серіктесіңіз ғана емес, кейде балаңыз, ағаңыз, досыңыз, анаңыз немесе сіз өзіңіз де агрессивті болуыңыз мүмкін, бірақ басқа адамдардың сізді кінәлауынан қорқып, біз бұл жағдайды барынша жасыруға тырысасыз.

«Қалыпты емес» қарым-қатынастағы адамдар, әдетте серіктесінің мінез-құлқынан таңқаларлық ештеңе байқамайды және оның кез-келген жаман әрекетінің себебін тауып,  оның іс-әрекетін ақтап отырады. Мұндай жағдай, достарыңыз бен туыстарыңыздың тарапынан айтылатын, алғашқы ескертулерге дейін жалғасады. Олар, сіздің соңғы уақыттары кездесуден жиі бас тартатыныңызды, серіктесіңіздің сізді бақылауда ұстайтынын байқайды, сізге өз қалауыңызша киінуге, қалаған жеріңізге баруға рұқсат етпейді және бұл әрекеттерін жақсы көретіндіктен,  қамқор болғысы келетіндігімен түсіндіреді.

Мұның бәрі сізді бақылауда, қадағалауда ұстағысы келгендіктен емес, сізді соншалықты жақсы көретіндіктен, тек сіз үшін жасалады деп түсіндіреді және сіз бұған сенесіз, өйткені сіз әлдеқашан серіктесіңіздің тұзағына түсіп қалғансыз. Алайда, біз сізге бұл жағдайдан шығудың жолын ұсынамыз. Сіз “Жанұя» “Отбасын қолдау орталығы” ҚҚ мамандарына тәулік бойы тегін жедел желі 13-07 телефон нөмірі бойынша немесе 8777-189-43-39 (WhatsApp) нөмірі арқылы маманның қабылдауына жазылып, “агрессорлармен жұмыс жөніндегі орталық” жобасы аясында, сарапшылардан тегін психологиялық қолдау мен кеңестер ала аласыз.

“Жанұя Отбасын қолдау орталығы”
Қоғамдық Қоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий