Кәсіподақтың негізі – бастауыш ұйым

«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің «2021 жылды «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы» ретінде жариялау туралы» (23.12.2020 ж., №6.5) қаулысын және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Атқару комитетінің «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ қызметі туралы «Үздік бейнеролик» Республикалық байқауы туралы» (22.01.2021 ж. №9. 2 т.) қаулысын жүзеге асыру жәйі» туралы қаулыларын жүзеге асыру бағытында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Өмір дерек. Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ – 2018 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы болып сайланды. Ұзақ жылдар облыстық мемлекеттік басқару саласында және білім беру жүйесінде басшылық қызмет атқарған. Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі. ЖОО-ға арналған бірнеше монография мен оқу құралдарының авторы.

Атап айтқанда, биылғы ақпан айының басында облыстық ұйымның Атқару комитеті онлайн форматында өткізіліп, мәжіліс қаулысымен облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына байқау-сайысқа барлық ұйымдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оларға қажетті ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету тапсырылды. Байқау-сайысты өткізу, барша білім және ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін күшейтуге бағытталуы тиіс екендігі атап көрсетілді.

Кәсіподақ ұйымдарының байқау-сайысқа дайындалу және қатысу жоспары, облыстық ұйымның байқау-сайысты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы және байқау-сайысқа қа- тысушылар қызметін бағалау өлшемі бекітілді. Кәсіподақ ұйымының көшбасшыларына республикалық салалық кәсіподақтардың «Қазақстан кәсіподағы», «Ұстаз- дық еңбек» газеттерінде, әлеуметтік желілерде байқау-сайыстың жүрісі туралы материалдарды тұрақты жариялау тапсырылды. Міне, осы міндет тұрғысынан бірқатар шаралардың жүзеге асқаны баршаға аян.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың ақпан және наурыз айларында «Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің УГ-157/11 түзету мекемесінің жанындағы колледж» ММ ұжымының жанынан және облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» Білім беру орталығы жаны- нан жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылып, нәтижелі жұмыс істеуде. Облыстық салалық ұйым наурыз айының алғашқы аптасында «Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» атты акция аясында аймақтың білім беру мекемелеріндегі қырыққа жуық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен онлайн түрінде кездесу өткізді.

Кездесуге арқау болған мәселеге сәйкес Мақат ауданы М.Баймұханов ОМ, Индер ауданы Жамбыл атындағы ОМ, Махамбет ауданы Қосарал ОМ, Исатай ауданы Өркен ОМ, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ОМ, Жылыой ауданы «Қызғалдақ» балабақшасының және Құрманғазы ауыл шаруашылығы колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары тарапынан болған ұсыныспікірлер де ортаға салынды. Жиналыс соңында облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіп- одақ ұйымдарының алпыс жетекшісі пандемияға қарсы күресте еріктілер сапында белсенділік көрсеткендері үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз – Наурыз мерекесіне орай ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің (23.12.2020 ж., №6.5) қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, аймақта осы тақырыпта жазатын журналистер арасында «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» атты байқау жариялаған болатын. Сайыстың Ережелері облыстық қоғамдық бірлестік Атқару комитетінің (10.03.2021 ж., №2 т.) қаулысымен бекітіліп, республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» газетінде 2021 жыл 11 ақпан №3 (96) және 11 наурыз күндері №5(98) сандарында жарық көрді.

Сайысқа осы тақырыпта қалам тербеп жүрген журналистермен қатар білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, педагогтер қатысты. Барлығы отызға жуық жұмыс түсті. Жүлдеден ешкім де құр алақан қалған жоқ. Қазылар алқасы шешімімен «Бас жүлде» республиканың кез келген шипажайына берілетін тегін жолдаманы Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің редакторы Айнагүл Шакупова иемденді. Ал жүлделі бірінші орынды «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі» атты номинацияны республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» газетінің редакторы Сандуғаш Қапсихова, екінші орындарды «Үздік ақпараттық әріптес» атағын Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің редакторы Гүлзада Салықова мен Индер аудандық «Индер» газетінің жауапты хатшысы Диас Айбаров, ал үшінші «Үздік кәсіподақ тілшісі» атты атағына Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Еркеназ Қалижан, махамбеттік «Алтын-ай» бөбекжайы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Биғайша Еркінова, атыраулық №20 Пушкин атында- ғы мектеп-лицейі бастауыш кәсіп- одақ ұйымының төрайымы Жанат Сапарова ие болды. «Ынталандыру» сыйлығына Атырау қаласы №22 Ә.Молдағұлова мектебінің мұғалімі Гүлжан Кунарова, Х.Досмұхамедов атындағы университеттің доценті Айдар Сабыров, облыстық білім беру бөлімінің маманы Абай Акмурзиев, «Атырау» газетінің фототілшісі Ерлан Алтыбаев пен студент-журналист Гүлдана Хайрушева лайықты деп табылды.

Ал маусым айының соңында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» атты байқау-сайысы комиссия отырысының қорытынды мәжілісі өтіп, байқауға қатысқан 9 баста- уыш ұйым «жеңімпаз» деп табылды. Барлығына жаңа үлгідегі ноутбук сыйға тартылды.

Келісу комиссиясы татулыққа шақырады. Облыстық салалық кәсіподаққа Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицейдің бір топ кәсіподақ мүшелері өз еңбек құқықтарын қорғау- ды өтініп, арыз түсірген болатын. Аталмыш мәселені талқылау бастауыш кәсіподақ ұйымы жанындағы Келісу комиссиясына жолдан- ған болатын. Сәуір айында об- лыстық білім беру мекемесіндегі Келісу комиссиясының мәжілісі өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Бекмағамбетованың ұсынысы қолдау тапты.

Атап айтқанда, кітапхана меңгерушісі Б.Ізмағамбетова мен көлік жүргізуші К.Халидуллинің талап-арыздары осы комиссия шешімімен орындалатын болды. Сөйтіп мектеп әкімшілігі заңсыз жұмыстан қысқарған кәсіподақ мүшелерін жұмыс орындарына қайтарды.

Сот ұстаздың талап-арызын қанағаттандырды. Атырау қалалық соты М.Серікбаеваның төрағалығымен өт- кен мәжілісте қалалық №38 мектептің мұғалімі Ламғалиева Бибінұр Өтепбергенованың талапарызын қанағаттандырды. 20192020 жылдары тарифке енгізілген 26, кейін бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әріптесінің қосымша сағаттарымен 34 сағат оқу жүктемесін атқарып шыққан педагогке жазғы еңбек демалысына шыққан сәттегі сауықтыру мен каникул кезіндегі еңбек ақылары дұрыс төленбегені үшін сотқа жүгінген болатын.

Атырау қалалық соты М.Серікбаеваның төрағалығымен өткен мәжіліске талапкер жағынан Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының заңгері Ю.Айбосынова қатысып, ұстаздың талап арызының дұрыстығын дәлелдеп шықты. Сөйтіп сот шешімімен «№38 мектеп-лицей» коммунальды мемлекеттік мекемесіне мұғалім Б.Ламғалиеваға де- малыс кезіндегі төленбеген тиісті 89 мың 626 теңге еңбек ақысы мен 52 мың 304 теңге сауықтыру жәр- демақысын төлеуге міндеттеген еді. Маусым айының басында құрамында судьялар М.Ергазиев, Б.Нуржанова қатысқан судья М.Комиршиновтың төрағалығымен өткен Атырау облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясы, №38 мектеп-лицейдің апелляциялық талап арызын қанағаттандырмай, жоғарыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімінен кейін аймақтағы білім беру мекемелері басшыларының ұстаздардың каникул кезіндегі және жазғы еңбек демалысына шыққандағы сауықтыру еңбек ақыларын нақты жүктемемен төлеу керектігін түсінетін уақыт жеткендігін дәлдеді. Соңғы хабар. Жылыой ауданы оқу бөлімі басшылығынан өткен аптада, яғни қазан айының 5-і күні қуанышты хабар келді. 2019 жылдың қараша айында Жылыой ауданында іссапарда болып, №22 жә- не №9 орта мектептеріндегі кәсіп- одақ мүшелерімен кездесу өткізген едік.

Сонда ұстаздар тарапынан 2015-2019 жылдары төленбеген ақылары, жәрдемақылары, зейнетақы қоры, әлеуметтік аударылымдардың есептелуі дұрыс болмағандығын айтқан болатын. Бұл мәселемен аудан әкіміне, Атырау облысы мәслихатының хатшысына қатынас хатпен шығып, арнайы ревизиялық-тексеру комиссия мүшелерінің көмегін сұраған болатынбыз. Осы арыз бойынша тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде ұстаздар мен қызметкерлерге тиісті 4 млн 200 мың теңге қайтарылмақ.

«Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» акциясы аясында облыстың 60 бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілерімен онлайн байланысқа шығып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты барша қазақстандықтарға арнаған Жолдауындағы халқымыздың әл-ауқатын арттырумен қатар сапалы біліммен қамтуға тоқталдық. Жарыссөзге қатысқан көшбасшылар тарихи құжатта көрсетілген білім саласындағы өзгерістердің осы саладағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерінің алдына үлкен міндеттер жүктейтіндігін, педагогтар қашан да Президентіміздің Жолдауына қызу қолдау білдіріп, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде үлестерін қоса беретіндігіне сендірді.

Сөз соңында облыстық салалық ұйымы атынан аталмыш бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне Алғыс жарияланып, ұстаздар мен кәсіподақ күндеріне орай сый-сияпаттармен марапатталға- ны паш етілді.

Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағының
Атырау облыстық ұйымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий