Еуразия ұлттық университетінде парсы тілі курстары ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да салтанатты іс-шара өткізу барысында парсы тілі курсының басталғаны туралы жарияланды. Іс-шараға ЕҰУ ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Гүлнар Мерзадинова, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Саберстің, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысқан болатын, – деп хабарлайды осы университеттің баспасөз қызметі.

Белгілі парсы ақыны Хафиз Ширази күнін мерекелеуге байланысты Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Еуразия ұлттық университеті мен Иран мәдени орталығы ниет білдірушілер үшін парсы тілі курстарын ұйымдастырды. – Біздің университетте орналасқан Парсы тілі мен мәдениеті кабинеті Иранның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Елшілік кеңсені толығымен жабдықтап, 1000-нан астам кітап сыйға тартты. Әр жылдары мұнда ирандық профессорлар біздің студенттерге дәрістер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. Алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен алмасу, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастығымыз жалғасады деп ойлаймын, – деді проректор.

Өз кезегінде дипломат парсы тіліндегі еңбектер мен шығармаларды зерттеу саласында жұмыс істей алатын, сондай-ақ екі елдің бірлескен жобаларын іске асыруға өз үлесін қосатын жас мамандардың жетіспеушілігі туралы хабарлады. Іс-шара барысында студенттер Хафиз Ширазидің өлеңдерін жатқа оқыды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий