Ақмола облысы: Білім басқармасындағы әдістемелік кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылды

Кезекті мәрте ұйымдастырылған облыстық әдістемелік кеңестің отырысына аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, пәндік қауымдастықтардың төрағалары, аудандық пәндік бірлестіктердің басшылары, колледж директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және ТжКБ ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола өңіріндегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

Отырыста қашықтық кезеңдегі оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру және жою мәселесі қаралды. Білім беру үдерісін әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу, пәндік қауымдастықтардың рөлі, ШЖМ оқу және оқыту сапасын арттыру жолдары туралы мәселелер талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Әдістемелік Кеңес білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді жақсарту үшін тиісті шешімдер қабылдады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий