Оқырман ойы: Жаңашылдыққа жетелейді

Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ендеше ол халықпен бірге болуға тиісті, жұртшылыққа ақпарат беруші, елдің сауатын ашушы құрал екендігі айқын. «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газетімен бірлесіп жұмыс жасау барысында оқытушыларымыздың мақалалары жарияланып жүргеніне биыл бес жылдан асыпты.

Осы уақыт аралығында көптеген үздік мақалаларымыз газет беттерінен көрініс тауып, ынтымақтастығымыз арта түсті. Бұл салалық үнжария – кез келген ұстаздың ақпарат көзі, күнделікті оқитын үстел газеті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз жұртымызды дамыған 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндетін  жүзеге асыру жолында өзіндік кәсіби үлес қосуды мақсат еткен редакцияның қайта жаңғыруы білім саласы үшін өте маңызды.

Беделді басылымда жоғары оқу орындары, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналар қауымдастығына, студенттерге және оқушыларға қажетті материалдар жарияланады. Көпшілік назарын аударған апталықтың әр бетінен – білім беру мазмұннының жаңаруы, мемлекеттік тілдің жетілуі, мәдени және рухани құндылықтардың қалыптасуы, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты және басқа да қоғамның дамуына арналған мәселелер туралы көптеген ақпараттарды оқып, өз саламызға қатысты мол мәліметтерді жиі қолданып жүрміз.

Оған қоса колледждің білікті ұстаздары газет бетіне оқу жылы барысында қолданатын жаңа әдіс-тәсілдерінің тәжірибесімен бөлісіп, өзге оқырмандарды жаңашылдыққа жетелеп отырады.  Педагогикалық қауым мен зиялы тұлғалардың рухани азығы болған шығармашылық ұжымның еңбегі ерен. Озық ғылыми ойлардың, педагогикалық еңбектің, білім беру саласындағы тәжірибе алмасудың көпшілікке таралуын  мақсат еткен редакция алқасына толағай табыс тілейміз. Бүгінде қоғам мен әр отбасын мазалаған білім саласындағы жаңарудың мәнін ашатын эксклюзивті, қайталанып басылмайтын мақалалар жариялануына тілектеспіз.

Болат Есмуратович ЕРКЕНОВ,
Алматы облысының қызмет көрсету
және тамақтандыру  саласындағы
инновациялық технологиялар колледж директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий