Қамқоршылық кеңестегі тәлімгерлік жүйе

Білім беру орындарындағы Қамқоршылық кеңесі «QOLDAU» қоғамдық бірлестігі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жасөспірімдерге, қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша «Birgemizs Cabaqtastyq» әлеуметтік жобасын іске асырады.

Тәлімгерлік жүйесін енгізудің негізгі құралы болып жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйіндегі Қамқоршылық кеңесі болып табылады. Тәлімгерлік – жетім балаларға көмектесудің ең тиімді және маңызды әдістерінің бірі. Бұл ересектер мен баланың арасындағы жеке қарым-қатынас, ол жетім балаларға өзінің қажет екенін түсініп, әлемге деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.

Біз жүйелі жан-жақты қолдау арқасында тәлімгерлік пен ойластырылған әрекеттердің, әлеуметтік және кәсіптік бағдарларды дамытуға, бағдарламаға қатысушы балалардың әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған  қарым-қатынас дағдыларының арқасында балалардың өмірі қалай жақсы өзгеретінін көріп отырмыз. Оны Қамқоршылық кеңесі арқылы іске асыру білім беру ұйымдарында кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

Жоба аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осылайша еліміздің барлық аймақтарында Қамқоршылық кеңестер мен мүдделі тұлғалар үшін тегін онлайн тренингтер өткізілуде.Тәлімгерлер пулының біліктілік іріктеу кезеңін өткізу,  оларды «Тәлімгерлік платформасы» бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл іс-шара аясында тәлімгер тәлім алушы қарым-қатынасын құрып, жастар мен тәрбиеленушілерге арналған «Менің ересек өміріме жол» атты білім беру бағдарламалары іске асырылады.

Сонымен қатар мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында «Тәлімгерлік»  институтын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Тәлімгерлердің ұсынуымен, балалар мен тәрбиеленушілердің жеке өтініші бойынша, өмірдің әртүрлі салалары бойынша  белгілі бір нәтижелі жауап алу үшін: психологтардан, заңгерлерден, түрлі жаттықтырушылардан тегін кеңес алуы – жобада ең маңызды орынды алады.

Біздің миссия – «Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерін институционализациялау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға көмек көрсету. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасының  Ақпарат  және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Фарида ЭЙВАЗОВА,
“QOLDAU” Білім беру ұйымдарының
қамқоршылық кеңесі” қоғамдық
бірлестігінің төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий