Оқырман ойы: Ерекшелігімен еңселі

Ел ішінде сүйіншілеп жаңалық тарататын отандық ақпарат құралдарының сан түрі бар. Дегенмен, олардың ішінде ерекшеленіп, өзіндік стиль қалыптастыра білгені санаулы. Солардың бірі, “Білімді ел – образованная страна” республикалық газеті деп білемін. Түгелдей дерлік білім саласының төңірегіндегі сұрақтар мен мәселелерді, іс-шаралар мен мерейтойларды жарыққа шығарушы басылымның халыққа берері мол.

Отандық педагогтардың арасында кеңінен танылған бұл басылымға әріптестеріміздің сұранысы уақыт ұзаған сайын арта бастағандығы байқалуда. Республикалық газет-журналдарға жазылу науқаны басталған сәтте ең алдымен осы апталыққа таңдау жасаймыз. Себебі, өз аймағымыздағы ғана емес тәуелсіз еліміздің барлық аумағындағы жүз мыңдаған әріптестеріміздің жаңалығы мен іс-тәжірибесімен таныс болуымызға ерекше септігін тигізеді.

Өзім секілді жас педагогтардың қызметінде жан-жақты дамуына, тың идеяларды оқу процесінде пайдалануға таптырмас басылым. Білім мен ғылымның дамуы – ең ауқымды сала. Ал, тікелей кәсіби мамандардың білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдауға бағытталған басылымға әрбір білім саласы қызметкерінің, ата-аналар мен барлық білім алушылардың және ұлттық педагогиканың мемлекеттік маңызы бар мәселелеріне бей-жай қарамайтын оқырманның жазылуына кеңес беремін.

Білім жаңалықтарының жаршысына айналған, қоғамда педагогикалық мамандықтың қыр-сырын, инновациялық идеялар мен үздік ұстаздарды насихаттайтын редакция ұжымына ризашылығымды білдіремін.

Мейірман МЕҢДІБАЙ,
Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп
лицейдің педагог-ұйымдастырушысы,
Қызылорда облысының Қазалы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий