Өз өлкесі тарихының білгірлері

Қазақстанда халық білімінің негізін қалаған белгілі педагог-ағартушы Ыбырай  Алтынсаринның 180  жылдығына  орай  2021 жылдың 11 қазанында  жас тарихшылардың “Менің кіші Отаным” атты ІV республикалық  интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимінде өтті. Конкурсқа облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен  87 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын – 53, орыс тілінде – 34.

Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу). «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинация бойынша І дәрежелі диплом – дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат.гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Жанжаксинова Самираға табысталды.

Екінші дәрежелі дипломымен – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Цибрий Богдан; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрғиса Фарида; Аққулы ауданы Б.Уахатов ат.ЖОББМ-нің  9 сынып оқушысы  Дүйсен Ризабек; ІІІ дәрежелі дипломымен – Павлодар қ.,  №17 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Готфрид Артур; Екібастұз қ., А.Құнанбаев ат.№2 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Каиртай Алтынай;  Успен №2 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Пуховская Жанна; Ақсу қ., №8 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Касенова Алия марапатталды.

«Кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен –Аққулы ауданы Малыбай ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Рашит Адема; ІІ дәрежелі дипломымен- дарынды балаларға арналған№8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Карачкина Варвара; дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Ахметова Адель; Павлодар қ., №2 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Макарова Камила марапатталды.

Үшінші дәрежелі диплом – Шарбақты ауданы Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Каримулла Құттыбайға; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Есимова Жайнаға; Ақсу қ., Донентаев ат.ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Кайырбекова Альдинаға; Железин ауданы №1 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Абдухаков Дмитрийге; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көп тілді лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Әбдікәрім Нұртөреге; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қалым Дастанға; Екібастұз қ., №24 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бостекпаева Елизаветаға; Май ауданы Жалтыр ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Болатова Айзереге табысталды. 

«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Канагатова Даяна; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Быченко Дарья; ІІ дәрежелі дипломымен – Успен №3 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы  Мусалимова Айнур; дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының  9 сынып оқушысы Дуйсебаева Тогжан;  ІІІ дәрежелі дипломымен –Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Кораблёв Расул; Екібастұз қ., №26 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Кизатова Аделя; Павлодар қ., №9 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Султанбеков Бекзат; Шарбақты ауданы Соснов ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Пфунт Владимир; Май ауданы Көктөбе ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы  Абдраманова Асель  марапатталды.

«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Степанова Антонина; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Қабылбек Арай; Павлодар ауданы  Шақат ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Дуйсенов Шухрат; ІІ дәрежелі дипломымен –Екібастұз қ., №25 ҚҚГ 10 сынып оқушысы Мұрат Мәдина; Тереңкөл ауданы А.Текенов ат.№2 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Зинковская Юлия; Успен ауданы Павлов ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Кашкаха Юлия; ІІІ дәрежелі дипломымен – Аққулы ауданы Лебяжі ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Құдайберген Әділ; Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Каиржанова Аида; дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 9 сынып оқушысы Қуатбекқызы Мөлдір марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңге қатысады.

“Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығы,
Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий