Ақтөбелік зияткер таэквондодан ел чемпионатының жеңімпазы атанды

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Әлішер Есеналин таэквондодан спорт мектептері арасындағы өткен Қазақстан чемпионатының күміс медалін қанжығасына байлады. Еліміздің барлық өңірінен 1200 спортшы қатысқан, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Додянгқа 65 кг. салмақта шыққан Әлішер жартылай финалда қарсыласын 21:1 есебімен уақытынан бұрын ойсырата жеңді. Осылайша, ол ақтық сайысқа сенімді кіріп, спорт мектептері арасында Қазақстанның 2 дүркін жүлдегері атанды. Бүгінде тоғызыншы сынып оқушысы WT таэквондодан қызыл белбеу иегері. Ол жекпе-жектің бұл түрімен 9 жасынан бастап айналысады, оның жетістіктер қоржынында 15-тен астам медаль бар. WT таэквондо олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, Әлішер болашағын кәсіби спортпен байланыстырғысы келеді.

– Таэквондо жақсыға тәрбиелейді, дене мен жан үйлесімділігіне үйретеді. Анам мені дәл осы спортқа баруымды қалады, бірақ мен қызығушылық танытып, осы жекпе-жекпен қарқынды айналысатынымды білмедім. Жаттығулар енді менің өмірімнің ажырамас бөлігіндей. Таеквондо шыдамдылықты шындайды, төзімділік маған Зияткерлік мектептегі сабақтарда көмектеседі, – дейді Әлішер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий