Жастар – болашақты айқын таңдады

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы, білім беруде өзіндік үлгісін қалыптастырған жоғары оқу орны. 2021 жылғы Қазақстанның көпбейінді жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде төртінші орынды иелеген оқу ордасы, бүгінде 20 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар білім алуда. Еліміздің көптеген салаларына білікті маман даярлау ісінде табысты жұмыс атқарып келе жатқан ЖОО материалдық-техникалық базасының толыққанды болуы, білім беру ісінде тың идеяларды оқу процессіне енгізу мен ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін өндіріс орындармен ұштастыруда көшбасшылардың алдында.

Қазақстан Республикасының даму стратегиялары мен бағдармаларын жүзеге асыруда, мемлекет басшысы тарапынан берілетін тапсырмалар мен жолдауларда айтылатын ұзақ мерзімді әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда университет ұжымы әрқашан білек-сыбана кірісіп орындайды. Осы орайда, халқы тығыз орналасқан еліміздің Оңтүстік өңірінен Қарағанды қаласына келіп, студенттік тамаша кезеңдер мен жарқын болашағын қалыптастыру жолында ізденуші жастарды көптеп тарту жұмыстары университет басшылығының тарапынан қалыс қалған емес. Бұл жұмыстарды дәстүрлі әдісте жүргізу мемлекетіміздің негізгі стратегиялық жоспарларының бірі екендігі анық.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, Үкіметтен қолдау тапқан «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағадарламасы аясында Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік баллдан жоғары жинаған талапкерлер аталмыш жоғары оқу орнында студент атанып білім алуда. Солардың бірі, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінің №62 Кенесары хан атындағы жалпы орта мектебін тәмамдаған Ермұрат Әсем Еркінбекқызы (70 балл) өзінің болашағын Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен көргісі келетіндігін қуана жеткізді.

Қазіргі таңда, Ермұрат Әсем Еркінбекқызы «Химия» факультеті органикалық химия және полимерлер кафедрасының 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» оқу бағдарламасының 1 курс студенті атанған. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бұл дәрі-дәрмек өндірісінің технологиялық процестерін зерттеуге байланыстырылған мамандық. Біз мұнда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, сертификатттау мен лицензиялау саласындағы дәрістерді тыңдай келе заманауи маманға тән білім мен дағдыларын игереміз.

Болашақта өз мамандығымыздың иесі болып шыққанда, медицинаға қажетті бұйымдарды шығаратын кәсіпорындарда технолог, инженер ретінде қызмет атқаратын боламыз – дейді, белсенді студент. «Бейорганикалық химия» пәні бойынша лабораториялық сабақ кезінде ТФП – 111к тобының студенттерінен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде студенттер үшін жасалған жағдайдан көңілдеріңіз тола ма? – деген сұрақ қойылған болатын.

Бұл сұраққа студенттеріміз, мұндағы білім беру сапасының жоғары дәрежеде екендігіне, профессор-оқытушы құрамның студенттерге деген қарым-қатынастың ерекше мәнге ие екендігіне дәл риза. ТФП – 111к тобының 25 студент жастары «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағадарламасы аясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша оқуға қабылданған. Студенттер алдағы төрт жылда өз мамандығының білімді меңгерушісі болып қана қоймай, кәсіби маман иесі болып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Берілген білімді бойға сіңіріп, тәжірибе жүзінде де іске асырған жөн екендігін айта кеткен жастар, өз бетіңмен талпынып, көптің арасынан алға суырылып шықпасаң, қандай сапалы білім алсаңда көш соңында қаласың деген қорытындыға келді.

Нурғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
университетіндегі б
ейорганикалық және
техникалық химия кафедрасының 
профессор ассистенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий