Жаңа заманның жаңа құндылықтары

Заманын түлкі болса, тазы болып шал» дейді қазақ даналығы, әр заман өкілі көштен қалмай, ел қатарлы, замандастар қаттарлы дағдыларды қалыптастырып, өмір сүруге талпынады. Осы кезекте, ұрпақтар теориясы терминіне тоқтала кеткен жөн деп ойлааймын. Бұл теория 1990 жылдардың басында кең ауқымда дами бастады. Негізін қалаушылар американдық ғалымдар Нил Хау мен Уильям Штраус болған. Бұл теорияға сәйкес, әрбір кезең өкілдеріне ғана тиісті, яғни бір кезенде дүниеге келген адамдарға тән дағдылары мен жалпыға ортақ мінез ерекшеліктері болады деп тұжырымдайды.

Мәселен, соғыс жжылдары өмір сүрген адамддардың барлығы үнемшіл, ешқашан ысырап жасамаған. Ол кезенде туылған адамдардың қазіргі заман адамдарын түсіну қиынға соғып жатады. Көбінесе ұрпақтар теориясы 15-20 жыл аралықтарын қамтиды, бірақ өтпелі кезеңдер де болады. Ал, 1985-2012 жылдар аралығын қамтитын топты «Зумеры» деп атайды. Z ұрпақтары не болмаса «цифрлық аборигендер» деп те атайды. Бұл уақыт аралығында туылған адамдар өз өмірлерін ақпараттық технологиялларсыз елестете алмайды, достары әлеуметтік желілерде орналастырған ақпараттарға сенеді, әр түрлі блогерларды үлгі тұтады.

Бұл аддамдар бірнеше істі бір уақытта істей алады, смстер арқылы сойлесіп, турашылдық, оқшаулық тән. Білім беру саласының өкілдері үшін бұл теория да өте маңызды мәнге ие. Себебі, шәкірттерді оқыту барысында олардың ізденістері мен көзқарастарына барынша назар аударуымыз қажет. Қазіргі заман оқушыларының талаптарына сәйкес, барлық сабақты ақпараттық технологияларды барынша қолданып өткізген жөн, сыныптан тыс сабақтар өткізу де өте пайдалы. Әр түрлі платформалар арқылы үй жұмыстарын беріп, оларды тексеру.

Бұл заман өкілдерінің негізгі құндылықтары ол білім. Олар өздеріне нақты мақсат қоя біледі және сол мақсаттарға жетудің жолдарын да біледі. Олар өз уақыттарын тиімді жұмсайды, негізгі дағдыларын анықтау арқылы, қандай мамандық иесі болғылары келетінін біледі, өздерінің көңілдері қаламайтын істермен айналыспайды. Жан жақты салада білім алуға асығады, себебі болашақта мамандықтарын бірнеше мәрте ауыстыруы мүмкін екендігін түсінеді.

Бұл заман өкілдері материалды заттарға қатты құмар болмайды, тек өздеріне қолайлы орта мен жұмыс пен оқу орнындағы қолайлықты бағалайды. Өздігінен көп ізденіп, көп білім алады. Құндылықтары көбінесе ақпараттық құрылғыларға тәуелді, кітаптарды онлайн оқығандықтан, кәдімгі қағаз кітаптары көп емес. Ерте кезден бастап жұмыс жасауды қалайды, әрі оқып, әрі жұмыс істеп, өздерін дамытады. Оқудың кейбір бағыттары онлайн, өздігінен оқу форматында оқу, курстарда оқу, шағын топтарда оқытылады. Уақыт құндылығын қатты бағалайтындықтан, 4, 5 жылдық жоғары оқу қысқаруы мүмкін, не болмаса пәндер біріктіріліп оқытылуы мүмкін.

Бұл мақаланың негізгі ойы, ол яғни  сіздерді Тик Ток арқылы не басқа да инстаграм жүйелері арқылы, видео түсіріп мерекемен құттықтаса, яғни ол да үлкен еңбек екенін түсінуіміз қажет. Қазіргі кезде оқушылар танымал сериалдар көріп, әр түрлі ойындар ойнайды, әлеуметтік жобалармен айналысады. Өз көңіл күйлері жайлы ақпарат іздейді. Қаншалықты бізге бұл қызығушылықтар түсініксіз болғанымен, әр заттың түп тамырында белгілі бір құндылықтар жатыр.

Біз өзіміздің ойлау жүйемізді шектемей, жаңа заман өкілдері тәрізді жаңалыққа құмар болып, көзқарастарымызды кеңейтейік. Догмалық және шаблонды ойлаудан алшақ болайық. Әр түрлі сала өкілдермен араласып, жаңадан ақпарат алуға талпынайық.

Аклима Мэлсовна СЕКСЕНБАЕВА,
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің педагог-ұйымдастырушы,
кураторы, Шығыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий