Бүлдіршіндерге қоршаған ортаның сырын түсіндірудің маңызы

Білім беру саласы: Таным. ҰАОҚ: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат». Мақсаты: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір – бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау. Сөздік логикалық қабілеттерін, ой-қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекі құралдар: слайд суреттері жануарлар, өсімдіктер, тәжірибе  заттары.

Шаттық шеңбері
Кел, балалар келіңдер, дөңгелене тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Ұйымдастырушылық-түзетушілік:
Айналаға қарайықшы көз салып,
Бізді қоршап тұр ғой міне табиғат
– Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді. Тірі табиғат – олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайд суреттері).


Өлі табиғат – қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір – бірімен тығыз байланысты. Неге сендер үйді, көлікті неге табиғатқа жатпады деп ойлайсыңдар?Себебі олар адамның қолымен жасалады. Видеоқоңырау: Дәрігер Гүлім апай-Сәлем достар маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Табиғат ананы екіге бөлінетінін білдім. Ауа өлі табиғатқа жатады екен. Мен ауа туралы толық білгім келеді. Балалар не істейміз дәрігер апайға көмектесеміз бе?

– Жарайды онда дәрігер апайды біз қонаққа шақырайық! Балалар біз орнымызға отырмас бұрын топқа екі топқа бөлініп алайықшы. Менің қолымдағы шарды бөліп алыңдар.Көктер мен қызылдар тобы.
-Тәжірибе алаңында қандай қауіпсіздік ережесі мен сақтық ережесін білуіміз керек? -Тыныштық пен сақтық шаралары бір-бірімізге кедергі жасамауымыз керек. Жұмбақ: Көзге көрінбейді, Қолға ұстасаң білінбейді (АУА). – Балалар жан-жағымызға оңға солға, жоғары төмен қарайықшы. Ауаны көріп тұрсыңдар ма? Оның түсі бар ма екен? Түссіз, иіссіз ауаның иісі жоқ екен.

– Балалар алдарыңда полиэтиллен пакетін алыңдаршы? Ол қандай жіңішке, жұмсақ. Ал енді балалар ауаны ұстап алайықшы. Төменнен жоғары қарай сілкіп, жарайсыңдар неге ұқсайды балалар? – Ал балалар, тарелкеге қарасаңдар таяқша бар осы пакетті жай тесіп көрейікші және бетімізге тосыңдаршы. – Балалар біз не сезіп жатырмыз. Ауа. Қандай болып сезіліп жатыр суық па әлде ыстық па? Жарайсыңдар балалар енді пакетті босатып жіберейік. – Ал енді балалар стакандағы суға түтікшемен үрлейік. Үрлейміз. Балалар не байқадыңдар. Біздің ішімізден шыққан ауа стақандағы суда көпіршік пайда болды. Ауаның салмағы бар ма екен әлде судың салмағы бар ма екен? Судың салмағы ауыр болады екен. Ауа судан жеңіл.

Жарайсыңдар балалар, енді алдарыңда тұрған борды суға салып көрейікші, не байқадыңдар. – Ерсұлтан: Суға борды салғанда көпіршік пайда болды себебі  бордың ішіндегі ауалар сыртқа шығып жатыр.  Дұрыс айтасың. Балалар бор тірі табиғат па әлде өлі табиғат па? Сергіту сәті: Тірі табиғат және өлі табиғат суреттерін көрсетемін. Экранға назар аударайықшы. Тірі табиғатты көргенде аяқпен қадам жасаймыз секіріп. Өлі табиғатты көргенде шапалақтаймыз. Дәрігер апай сізге тәжірибеміз ұнады ма? Жарайды, келесі тәжірибе екі топтан бір-бір баладын шығады.

Раяна үлгі сызбаға қарап бізге не қажет екенін тауып алайық. Салфетка стақан су. Ал енді стаканымызға салфетканы салып,суға басып көрейк. Балалар не байқадыңдар, салфетка су болған жоқ себебі неде? Өйткені ауаны салфетка суды итеріп тұрды. Томирис. – Үлгі сызбаға қарап бізге не қажет екенін тауып алайық. Пластмассаны суға салса батпайды. Стақанды салсақ батты. Өйткені стақан ішіндегі затты итеріп суға түсіріп жіберді. Жарайсыңдар балалар. Балалар біз қандай тәжірибе жасадық?

Дәрігер апай сізге ұнады ма? Ауа туралы тәжірибеміз қызықты болды ма? Дәрігер: – Иә керемет жарайсыңдар балалар, сендер керемет тәжірибе жасадыңдар. Мен енді қайтайын, сау болыңдар. Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қорытынды: Экраннан әр түрлі көңілді смайлик –түсіндім, орташа смайлик толық түсінбедім, Көңілсіз смайлик мүлдем түсінбедім, тұрады соны бала осы тақырыпты түсінгенін сызып көрсетеді. Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: қоршаған орта, табиғат туралы білді. Түсінеді: табиғат ерекшеліктерін еске сақтап, әңгімелеп айтуды. Қолданады: табиғатты қорғап, аялай біледі.

Гульназ Тажитаевна СЕЙТКАЗИЕВА,
“Айналайын” бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысындағы
Іле ауданының Қосөзен ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий