Адалдық – адамның ең асыл қасиеті

Жемқорлық – індет,
Аластау – міндет, – дейді қазақтың көрнекті ақына Мұзафар Әлімбаев, Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемелекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімдігін арттыру мақсатында «Антикор Лайф»жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы жалғасын табуда. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Мектебіміздің бірінші қабатында құқық бұзушылық пен  қылмыстың  алдын алу  мақсатында оқушылар мен  ата-аналарға арналған  мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу  жағдайларын кездестіру кезінде  оқушыларға өз  ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы  білдіретін арнайы  «Сенім жәшігі»  ілінген. Бұл жәшікке  келіп түскен өтініштер  мен хаттар  апта соңында  мектеп әкімшілігі және  мектеп иниспекторының  қатысуымен алынып, жұмыс  жүргізіліп отырады. Күнделікті оқу  процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

Мектепте ата –аналардан ақша жинау  туралы фактілердің орын алуын болдырмау мақсатында  мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жұмыстар жүргізіліп, бұйрықпен таныстырылды. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. Рухани–адамгершілік  және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті  мектеп  ортасында қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы ұйымдастырылып, бұл мектеп клубы мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жұмысы зор.

Соған  сәйкес қазіргі уақытта мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысын бастағанына бірнеше оқу жылы болды. Бастауыш сыныптан бастап өтірік айтуға болмайтыны, біреуді алдауға, рұқсатсыз біреудің затын пайдалануға болмайтыны сияқты ұғымдарды үйренген, бойына сіңірген оқушы ертең өз қолына билік туғанда адал жолды таңдайтынына кәміл сенуге болады.

Оқушыларға әр жетістікке өз білімімен, өз талабымен жету керектігін үйретіп, еңбекпен келген нанның тәтті, әрі сіңімді болатынын түсіндіру біз үшін үлкен жетістік болар еді. Себебі қазіргі оқушы, яғни жас ұрпақ ертеңгі еліміздің болашағы, ұлтымыздың келешегі. Сонымен бірге «Адал ұрпақ» еріктілер клубына мектебіміздің барлық оқушылары кіріп, белсенді мүшелері өздеріне төсбелгімен бірдей галстуктар жасатты. Жоспарлы  түрде  оқушылар арасында ақсақалдар алқасының қатысуымен «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»  атты  кездесу өткізілді.

Іс – шараның басты  мақсаты мемлекетіміз осы  бір жаһандану  заманында көркейіп, өркениетті  әрі  жоғары  сатыда дамуы  үшін елімізге  сауатты да білімді, қоғамымызда құқық бұзушылықтар  мен  қылмысқа  төзбейтін  отаншыл азаматтарды тәрбиелеу. Кездесуде Құдайберген Бәтеш ақсақал оқушыларымызға мектеп тәртібін қатаң сақтауды,өз құқығын білуді, қоғамдық ережелерді бұзбауды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу керектігін өз өмірімен байланыстыра отырып айтып берді. 

Болашақта  еліміздің патриот-азаматтары  ретінде елімізде әділдік пен адалдық туын биікке ұстайтын азаматтар болуға кеңес берді. Кездесу  барысында  оқушылар өздерінің тараптарынан қоғамдағы әділетсіздікке  байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толықта, мағыналы жауаптар алды. Кездесудің соңында Әмірнияз Орынкул апайымыз зор  денсаулық, оқуда алда  болып, Отанымызға  адал  қызмет  атқаратын  сауатты маман-азаматтары  болуларын  тіледі. Жалпы осындай  кездесулерді  оқу  орындарында  жиі-жиі  өткізіп отыру,  бүгінгі таңда кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселе.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасына сәйкес, мектебімізде «Адалдық дүкендері» ашылды. Адалдық дүкенінің мақсаты – жастарды адалдыққа тәрбиелеу, олардың өз-өзін сынауына мүмкіндік беру. Адалдық дүкенінің басқа сауда орындарынан ерекшелігі сатушы адамсыз сауда жүргізіліп, тұтынушы сатып алған тауарының ақшасын сол жердегі арнайы ақша салатын ыдысқа салады.

Мұндай дүкендерді ұйымдастыру оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді. «Адал ұрпақ» ұйымына арналған ақпараттық стенд жасалып, «Парасат» бұрышы безендірілді. Стендте мектепішілік бұйрық, жылдық жоспар және «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің міндеттері мен мақсаттары салынған. Мектебімізде 800 ге жуық оқушы бар. Олардың жартысынан астамы республикалық «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелері, 523 оқушы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай бастауыш, орта және жоғары буын бойынша клуб жетекшілері тағайындалып жоспарплы жұмыстар атқарылуда. Оқушылардың жоғары сыныптары өздерінен кішілерге үлгі болып, өткізілген кездесу, дөңгелек үстелдерге қатысып, өз ойларымен бөліседі. Мектебімізде ұйымдастырылған осындай ұйымдар мен клубтар оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өз ойын еркін жеткізе білуге, айналасындағы тәртіп бұзушылыққа көз жұмып қарамауға, ата-ана мен ұстаздың қадыр қасиетін түсінуге, қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі болуына, бір сөзбен айтқанда өз өмірінің құнды, өз болашағы өз қолында екенін түсінетін дара тұлға болып қалыптасуына ықпалы зор.

«Адалдық – ардың ісі» атты үздік сурет байқауына «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері 3-4 сынып оқушылары қатысып, өздерінің сурет салуға деген қызығушылығын таныта білді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 9 – 10 сыныптар арасында «Ғасыр – індетінен сақтанайық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ – ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту,зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана – сезімдерін дамыта түсу.

Дөңгелек үстел сұхбат, әңгімелесу, пікірталас арқылы өтті.Оқушылар темекі, арақ, есірткі ұғымы туралы жалпы ойларын ортаға салды. Темекінің зияны туралы бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өткізілді. 2019-2020 оқу жылында бірнеше рет «Адалдық сағаты» 1-11 сыныптарда жоспардан тыс өткізіліп, әр сынып жетекші өз шеберлігіне қарай қоғам қайраткерлерін, ата-аналарды, мектебіміздің түлектерін шақырып өткізіп отырды.

 «Адалдық – ардың ісі» атты таңғы кездесу сағаттары өткізілді. Таңғы кездесу адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны туралы бағыт беруге айқындалған. Олардың адамдар үшін адал өмір сүру, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйретеді. Осы кездесу сағатынан оқушы бойынан күтілетін нәтиже: Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады.

Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады. Мектебімізде қараша айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен және 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты практикалық сабақ өтті.

Қамтылған бала саны 20.  Желтоқсан айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікір талас өтті.Қамтылған бала саны 10 оқушы. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша жүргізіп отырады.  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға 30 жыл болды. Өткенімізге көз салсақ, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады.

Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.  Қоғамдағы көкейтесті  мәселе болып, өзек  жарды проблемаға  айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді. Баяулап,  қадамын ақырын басып,  анықтыққа  жетелейін деді де. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар   қаруымыз – қоғам.

“Қоғам – өмірдің айнасы” дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз   еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою міндет бізге. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Әрі ол кісінің  басты парызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Насихаттау ісі де ұшан теңіз септігін тигізеді.

“Бастаушы  болса қостаушы бар”. Бұрыннан   ізашары ашып берген бұл бастамамен күресудің ізбасары болып үлес қосайық. Өркениетті  алға жетелейтін   бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле- кесапаттан сақтанып, бас  емес, жаман   дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық. Сонда  ғана әлем алдында мемлекет беделі, абыройы алтынмен  әспеттелетіндей. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Бахыткул КУСАИНОВА,
№164 жалпы білім беретін мектептің
директоры, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий