Тағылымды орталықтағы сыр сұхбат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, “Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру” кафедрасы оқытушыларының бастамасымен “Қыз тағдыры – ұлт тағдыры” тақырыбында кездесу жақында ғана бой көтерген «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Орталық басшысы Эльмира Мырзағали Инаятқызы тағылымы мол кездесуде  орталықтың негізгі мақсаты ұлы аналарымыздың тәлімі мол ізгі жолын дәріптей отыра, жас ұрпаққа рухани азық беру деп, ашылған әрбір бөлменің мақсат, міндеттерімен жете таныстырды. Әр бөлмелердің атауының өзінде үлкен мән жатыр: Мирас, Сырғалым, Береке, Алқа,  Қызғалдақ, Сырласу, Шешендік өнер, Қазына, Қаламгер.

«Ер баланы тәрбиелесең бір адамды тәрбиелейсің, қызды тәрбиелесең ұлтты тәрбиелейсің» деп қазақ халқымыз бекерден-бекер айтпаған. Олай болса, Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы. Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді мінезімей, – дей отыра әрбір қазақ қызына тән имандылық, ұяңдық, биязылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, салт-дәстүрімізді дәріптейтін қасиеттерін осы «Анаға тағзым» орталығына келіп шыңдауға, дамытуға болады.

Біздің болашағымыз жас ұрпақтың қолында, сол жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп,  рухани азықпен сусындататын біздің болашақ ұстаздарымыз. Бүгінгі кездесуден «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және  «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының болашақ ұстаздары рухани мол азық алды. Игі бастама болашақта әр түрлі формада ПОҚ-мен және болашақ ұстаздармен жалғасын табады. 

З.ҚАШҚЫНБАЕВА,
“Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру” кафедрасының оқытушылары
п.ғ.к., доцент
Ж.КУМИСБЕКОВА, аға оқытушы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий