Қолға қалам ұстатқан…

Білім теңізіне жетелеп, қолыма қалам ұстатып, әріптер мен сандарды жаттатқызған алғашқы ұстаздарымды – өзім білім алып, түлеп ұшқан Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Лақалы ауылында орналасқан № 93 орта мектептің барлық мұғалімдері мен ұжым басшылығына түлеп ұшқан жүздеген шәкірттердің бірі ретінде шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. 

Менің бүгінгі күнгі болмысым, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуым үшін жақсы қасиеттерді бойыма дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген ұстаздарым – Сіздерді әрдайым үлкен құрметпен еске аламын. Қадірменді ұстаздарым, шәкірттеріңіздің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы болыңыздар. Мықты денсаулық, амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Үміт ҚҰТТЫБАЙ,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий