Сабақтағы зерттеу іс-әрекеті (Lesson Study) –педагогтардың біліктілігінарттырудың тиімді тәсілі

Бірге жиналу – бұл бастама,
Бірге қалу – бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыс жасау – бұл жетістік, – дейді Генри Форд. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңартылған білім беру бағдарламаларын кеңейту бағытында тың идеялар туындап, білім мазмұнын жетілдіру жалғасын табуда. Жасалынып жатқан игі істер мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Ал мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

«Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» – деп, қазақ халқының біртуар тұлғасы Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектептегі білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің деңгейіне байланысты. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагогикалық қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері жарық көрді, сондай-ақ білікті мамандар даярлау мақсатындағы игілікті істер жүзеге асырылуда. Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Сабақты зерттеу (Lesson Study). Lesson Study – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.

Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдарында Жапонияда тәжірибені жақсарту және жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты.

Йошида бұл жетістік сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Бүгінде мектеп ұстаздары жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында белсенді жұмыс атқаруда. Дегенмен ақпараттар көп, тәжірибе аз уақытта педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерген, күнделікті жұмысында инновациялық тәжірибені жетік қолданатын педагогтер қажеттілігі туындауда.Сондықтан, динамика мен өзгерістерге толы осы замандаәр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.

Ал, бұл жұмыстың ең тиімді екі түрі бар: бірінші сабақтарды бірлесе жоспарлау; екінші өзара сабақтарға қатысып, бақылау арқылы оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау. Бұлекі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал «Сабақты зерттеу» («Lesson Study») әдісі. Нақтырақ, Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді түрі. Сонымен қатар, оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылдырылған ұстаздар шеберханасы.

Осыған байланысты жылдың «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институты әдіскері ретінде Жезқазған қаласыныңжалпы орта білім беретін №13 мектебіннде, Қарағанды қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияда «Сабақты зерттеу іс-әрекеті» тақырыбындағы вебинарлар ұйымдастырылып, оның нәтижесі сабақты зерттеу іс-әрекеттерін жүргізумен жалғасты. Мұңдай іс-шаралардың мақсаты – педагогтерге мектепте сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру жоспарын әзірлеуде қолдау көрсету болды.

Сабақты зерттеу іс-әрекетін  талдау барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану мен білім беру мазмұны жаңаруының ұстанымдары мен ерекшеліктерін «Lesson study» тәсілі арқылы сабақты циклді жоспарлау, оқыту, қадағалау, талдау, өз қорытындыларын тұжырымдау арқылы бірлесіп жүзеге асырумүмкіндігіне ие болады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Ол – біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.

Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды (Л.Выготский). Сондықтан да оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Lesson study-дің ерекшеліктері жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту, мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу.Мұғалімдердің зерттеуі оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс-әрекеттегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Осының нәтижесінде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі. Оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.

Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзыретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Қорыта айтқанда, Lesson Study нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейтіп, оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете аламыз.Болашақта осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларымыздың білім, білік, дағдыларын арттырамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруге ізденеміз. «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» –деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзіміз жетті.

Сәуле ТЛЕУБАЙ,
Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Қарағанды
облысы бойынша ПҚ БАИ әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий