Үздік педагог – 2021: Абыройлы азаматтың асуы

Суйрибаев Бакитбай 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетінің физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек өтілі 19 жыл, жоғары санатты физика және информатика пәні мұғалімі. Бакитбай Пиралиевич Маңғыстау облысында еңбек жолын 2001 жылы Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінде информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2014 жалдан бастап Жаңаөзен қаласы Теңге ауылындағы №11 орта мектепте физика және информатика пәндерінен сабақ беріп келеді, Кейіпкеріміз биыл республикалық деңгейдегі “Үздік педагог – 2021” байқауында дарабоздардың қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқарасының баспасөз қызметі.

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек деп айтқан ұлы ғалым Әл – Фарабиді үлгі етеді.

Оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сондықтан оқушының білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оның ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, дүниетанымы артуына ықпал етуді өзіне мақсат етіп қойды. Жетістіктері, алғыс, марапаттары: 2014-2015 оқу жылы Павлодар қаласы С.Төрайғыров атындағы мемлекеттік университетінің Алғыс хаты; 2015-2016 оқу жылы Республикалық «Жаңашыл мұғалім 2016» байқауының І орын иегері. 2015-2016 оқу жылы Республикалық кіші ғылым академиясының Алғыс хаты.

2015-2016 оқу жылы Жаңаөзен әкімінің Құрмет грамотасы; 2015–2016 оқу жылы Көкшетау қаласы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінің Алғыс хаты; 2016 –2017 оқу жылы Облыс әкімінің «Білім үздігі–2017» премиясының «Үздік шығармашыл маман» номинациясы; 2016–2017 оқу жылы Қарағанды қаласы «Lingua Academy of Languages» тілдер академиясының ректорының Алғыс хаты; 2017–2018 Маңғыстау облысының білім басқармасының облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығының Алғыс хаты.

2017-2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлерігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастыруындағы «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану ғылыми бойынша білім беру сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» тақырыбындағы республикалық мұғалімдер форумында баяндама оқыды. 2017-2018 оқу жылы «Зияткерлік қоғам» журналының Алғыс хаты; 2017-2018 оқу жылы Bilim Media Group компаниясының «Білім берудің жаңартылған мазмұны» тақырыбында ұйымдастырылған Республикалық семинарға арнайы шақырлып, төрт шеберлік сағатын берді және Алғыс хаты.

2018-2019 оқу жылы Қазақстан Республикасының білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерінің «Алтын кітап» энциклопедиясында жарияланды. 2018-2019 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлерігі тарапынан Құрмет грамоталары; 2018-2019 оқу жылы Республика көлемінде екі бөлімнен тұратын физика пәнінен оқушыларға арналған «Физика экспресс дайындық» әдістемелік кітабы жарық көрді. 2018-2019 оқу жылы Халықаралық ғылым мен білімді қорғау орталығының Алғыс хаты.

2018-2019 оқу жылы Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникалық минстрлігі тарапынан ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекші» байқауының І орын иегері; 2018-2019 оқу жылы NIO, TIO интернет олимпиадаларының жүлдегері; 2018-2019 оқу жылы «Алаш педагогі» Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналының Алғыс хаты; 2018-2019 оқу жылы «Bilim Orkenietі» Ұлттық инноваицялық зерттеу орталығы Диплом; 2018-2019 оқу жылы Польша мемлекетінің ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық пәндік олимпиадасының жүлдегері.

2019-2020 оқу жылы «National Teacher Prize Kazakhstan – 2020» жылы үздік 50 мұғалім қатарына қосылды және арнайы Диплом.  2019-2020 оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты; 2019–2020 оқу жылы Республикалық «Өрлеу» біліктілік арттыру институты тарапынан ұйымдастырылған қашықтан оқыту сабақтарын әзәрлеуде қалалық І орын, облыста ІІ орын, республикада ІІІ орынға ие бола білді. 2019 – 2020 оқу жылы қала әкімінің «Үздік жыл педагогі 2019» премиясы иегері; 2020–2021 оқу жылы Республикалық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы; 2020-2021 оқу жылы KIO интернет олимпиада І орын.

Оқушыларының жетістіктері: 2015-2016 оқу жылы Көкшетау мемлекеттік университеті тарапынан ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында үш оқушы І орын, бір оқушы ІІ орын ие болды; 2015-2016 оқу жылы Ақтобе қаласында КҒА-да 6 оқушысы жүлделі орындарынан көріне  білді; 2016-2017 оқу жылдары С.Төрайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен  өткен ғылыми-практикалық конференциясында 21 оқушы жүлделі орынға ие болды; 2017-2018 оқу жылы Қарағанды «Lingua Academy of Languages» тілдер академиясы тарапынан ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда 11 оқушы жүлделі орындардан көріне білді.

2018-2019 оқу жылы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының «Қазақстан болашағы – жастардың қолында» ХХХХVІ  Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында 9 оқушы жүлделі орынан көрінді; 2018-2019 оқу жылы Қазақстан Республикасы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті тарапынан ұйымдастырылған пәндік олимпиадасында 5 оқушы жүлделі орынға ие болды; 2018-2019 оқу жылы «Ziat» ғылыми әдістемелік орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Жас ғалым» атты Х Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында 10 оқушы жүлделі болды.

2018-2019 оқу жылы NIO, TIO интернет олимпиадаларында жүлделі орындардан көріне білді; 2018-2019 оқу жылы Clever Республикалық қашықтық пәндік олимпиада 6 оқушы жүлдегер; 2019-2020 жылы пәндік олимпиадада қала көлемінде үш оқушы І, ІІ, ІІІ орын. Бі оқушы облыс лауреты; 2019-2020 оқу жылы Польша мемлекетінің ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық пәндік олимпиадасының үш оқушы жүлделі орындардан көріне білді; 2020-2021 оқу жылы «Зерде» ғылыми жоба байқауында қала көлемінде екі оқушы І орынға ие болды. Облыста ІІІ жүлделі орынан көріне білді.

2020-2021 оқу жылы «Ақбота» интеллектуалды сайыста бір оқушы ІI орыннан көрінді; 2020-2021 жылы пәндік олимпиадада қала көлемінде шәкірттері І орын облыста ІІІ орынан көріне білді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий