Ақтөбе – НЗМ: “Туған елге тағзым” зерттеуі бойынша жаңа жобалар қорғалды

Биылғы «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының зерттеу жобаларын қорғау өз мәресіне жетті. Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен ішкі мәдениеттің қыр-сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады. Жобаға Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінен тоғыз бағыт бойынша 29 оқушы қатысты. Жалпы саны 14 жоба қорғалды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Төрт күнге созылған бәйгеде Зияткерлік мектеп ішінен іріктелген үздік жобалар таныстырылды. Оқушылар өз бастамаларында туған өлкесінің тарихын, белгілі адамдарын зерттеді, өзекті мәселелерінің шешілу жолдарын қарастырды. 12-сынып оқушысы Гүлназ Аманжолова қалдықсыз өнім сұрағын алға қойып, мейрамханалар мен сауда орталықтарымен тығыз жұмыс істеуде. Инстаграм желісінде адамдарға дайын өнімдермен бөлісуге мүмкіндік беретін Sarqyt онлайн-платформасын дамытуда.

Бұл жоба барысында кез келген адам кез келген Ақтөбелікке дайын тамақты немесе бақшасындағы өнімді тегін бере алады. Ербол Әлиханов автобус аялдамалар туралы қосымша ойлап тапты. Қосымшада қоғамдық көліктің кестесі, аялдама жайлы ақпарат берілген. Оқушының айтуынша оның жобасы қала тұрғындарының уақытын үнемдеуге, адасып кетпеуіне, әрі ақпараттандыруға көмектеседі.

Айшат Темірбаева тарихқа бет бұрып, «Ақтөбе өңіріндегі ашаршылық мәселесінің барысы, демографиялық және әлеуметтік салдары» жобасында жаппай  миграциялық көшу үрдісін, аудандарға азық-түлік көмектерінің ұйымдастырылуын, халық арасында індеттің таралуын және жетімдер санының артуы мен себептерін зерттеген. Ал Аянат Ислам, Жанерке Өтеген және Гауһар Нұрмағанбетова қаламыздағы шыршалардың неліктен өліп қалатынына аландаулы.

Олар өз жобаларында шырша көшетін дұрыс отырғызу жолдарын зерттеген. Балалар да, мұғалімдер де жыл сайын оқушылардың жұмыстарының мазмұны тереңдей түсетінін атап өтті. Балаларға әр аймақты жақсарту бойынша өз жобаларын ұсыну ғана емес, сонымен қатар басқа мектептердің жұмысын тыңдау өте қызықты болды. Соның арқасында оларда болашақ «ТЕТ» жобалары үшін жаңа идеялар пайда болды. «Туған елге тағзым 2021» зерттеу жобаларын қорғау аяқталды, алайды көтерілген сұрақтар жауабы табылып, әр жоба қаламызды көркейтуге септігін тигізеді, – дейді Жанна Имжарова, Ақтөбедегі НЗМ директорының орынбасары.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий