Ақмола облысы: “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аймақтық форумы ұйымдастырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде аймақтағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің жергілікті форумын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.

Қазылар алқасы ретінде Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманкулова Алмагүл Төлегенқызы, Бурабай ауданы Щучинск қ. жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова Анар Қаратайқызы шақырылды.

Қатысушылар 6 номинациясы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты. «Туған өлке тарихы» – өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарларымен 3-D форматта таныстырды. 1 орын – Еркінғали Әнуар, Аршалы ауданы Волгодоновка а. жалпы білім беретін мектебі; 2 орын – Емельянов Дэниил, Гурбанов Назим, Байзаков Оразбек, Атбасарс ауданы Тельман а. жалпы білім беретін мектебі; 3 орын – Тахтабаева Милана, Малова Екатерина, Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы.

«Жасыл экономика» номинациясы: жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша қорғады: экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану; инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы: 1 орын – Рослякова Арина, Бурабай ауданы Ұрымқай а. жалпы білім беретін мектебі; 2 орын – Пауков Никита, Ақкөл қаласы П.Исаков ат. №1 жалпы білім беретін мектебі; 3 орын – Суфияров Ильдар, Есіл ауданы Курское а. жалпы білім беретін мектебі.

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы – денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы: 1 орын – Гусак Полина, Степногорск қаласы Қырық құдық а. жалпы білім беретін мектебі; 2 орын – Орынбай Адия, Зеренді ауданы Өзен а. жалпы білім беретін мектебі;
3 орын – Парманов Станислав, Бурабай ауданы Баянбай а. жалпы білім беретін мектебі; Орталықтың грамотасы: Алиев Равиль, Атбасар қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі.

«Жасыл оазистер» номинациясы – экодизайнерлер байқауы, еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи өсімдік материалдан жасалады: 1 орын – Берестова Ксения, Көкшетау қаласы №21 мектеп-гимназиясы; 2 орын – Морозов Никита, Жақсы ауданы К.Өскенбаев ат. жалпы білім беретін мектебі; 3 орын – Телицыа Анфиса, Жарқайың ауданы Бірсуат а. жалпы білім беретін мектебі. «Экоболашақ» номинациясы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша бейнероликтер презентациясы: 1 орын– Чирикова Арина, Көкшетау қаласы №21 мектеп-гимназиясы; 2 орын – Тоқтамыс Айбану, Степногорск қаласы Қарабұлақ а. жалпы білім беретін мектебі; 3 орын – Мейірім Сезім, Целиноград ауданы Ы.Алтынсарин ат. жалпы білім беретін мектебі.

«Жеңіс мамыры» номинациясы – панно немесе коллаж байқауы. 1 орын- Белхораева Элина, Көкшетау қаласы №21 мектеп-гимназиясы; 2 орын – Крыжный Илья, Атбасар ауданы Мариновка а. №1 жалпы білім беретін мектебі; 3 орын – Казимова Арина, Есіл ауданы Курское а. жалпы білім беретін мектебі; Орталықтың грамотасы: Бейсембаева Малика, Степногорск қаласы Қарабұлақ а. жалпы білім беретін мектебі. Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, команда жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий