“Жас экорепортер” облыстық экологиялық байқауының қорытындысы белгілі болды

Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер»  облыстық экологиялық байқауын қашықтық форматта ұйымдастырды, – деп хабарлайды жергілікті орталықтың баспасөз қызметі. 

Байқауға қатысушылар экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды келесі тақырыптар бойынша ұсынды: елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау; менің экологиялық іс-шараларға қатысуым; біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары. Қазылар алқасының құрамына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, облыстық «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының» жетекші оқытушылар және облыстық «Ертіс» телеарнасының редакторлары кірді.

Ұсынылған жұмыстарды саралап, бағалау шарттарына сәйкес ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді анықтады. Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің 65 жеңімпаз қатысып, 24 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға –  16 оқушы ие болды. Бірінші дәрежелі дипломмен  дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9 сынып окушысы Ерболатова Даяна және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып окушысы Абигерова Дамиля марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып окушысы Тлектесова Сабина, Май ауданы А.Иманов ат. жалпы орта білім беру лицей-мектебінің 9, 10 сынып оқушылары Кайргельдинова Назерке және Мухамедиярова Дильназ; Железин ауданы № 1 жалпы орта білім беру  мектебінің 11 сынып оқушысы Жолдубаева  Эльмира,  Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Төкен Ақбота, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Фоминчик Владислав марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы №43 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Лёзов Ярослав, Ертіс ауданы Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Саулетхан Аққазы, Шарбақты ауданы Шалдайская жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Акказинов Ардак, Успен ауданы Белоусов жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Сутжанова Асем,  дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Шаик Султан және Серик Тамерлан, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Татенова Алина,  Успен ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав, Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9,11 сынып окушылары Каиржанова Аида және Апаева Альмира марапатталды.

Тереңкөл ауданы Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып окушысы Этикбаева Амина, Успен ауданы Таволжан жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып окушысы Мереке Анель, «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып окушылары Жаикбаева Таисия және Токбердинова Лейла, Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру  мектебінің 10 сынып оқушысы Ермұрат Інжумаржан,  дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Зейнулла Нұрдаулет және Мұқаш Дамир, Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Казангапова Акбота, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9 сынып окушысы Даулет Адия марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий