Университеттегі кітапхана күні

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Ашықтық, креативтік, жаңашылдық-2021» атты Университеттегі кітапхана күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым  кереметтері де содан табылады.

Айта кетейік, оқырмандар үшін университеттің 6 оқу кешенінде 22 кітап беру пунктілері, оның ішінде 4 абонемент 18 оқу залы бойынша қызмет көрсетеді. Атаулы шарада университет ректоры Талғат Ілиясұлы қатысушылар мен әріптестерін құттықтады: – Құрметті қатысушылар, бүгінгі ұйымдастырылып отырған атаулы күн құтты болсын. Сіздердердің Ұлттық құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп, дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз зор. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін!».

Сондай-ақ, ҚР белгілі мәдениет қайраткерлері, қазақстандық кітап сауда баспаларының өкілдері, кітапхана ісі мамандары, студенттер қатысқан іс-шара аясында “АRT – Самғау-2021” сурет салу байқауы, «Читать Модно», «Библиоселфи челленджі» және «АРТ-вернисаж» жас суретшілер туындыларының  көрмесі ұйымдастырылып, аймақтағы белгілі коммуникативті даму орталықтарының «Өз таңбаңды қалдыр» атты кездесу өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар «Креативті маман-2021», «Белсенді оқырман-2021», «Ең көп оқылған автор-2021», «Кіт пхана меценаты-2021», «Зейнеткер-2021», «Білікті маман-2021» номицациялар бойынша алғыс хаттар мен төсбелгілермен  марапатталды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий