Мағжан шығармашылығының білімпаздар байқауы

Жыл сайын Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын жете меңгерген оқушылар арасында облыстық конкурс өткізілді.  Биылғы XІ облыстық Мағжан оқулары онлайн режимде ZOOM платформасында бейне конференц байланыс арқылы жүргізілді. Конкурс үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары – 57 оқушының қатысуымен өтті. Жас дарындар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өз туындыларын ұсынып, жас зерттеушілер ақын шығармашылығына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Шара қорытындысы бойынша жүлделі орынға 22 оқушы ие болды, оның ішінде Бас жүлдеге – 3, І орынға – 3, ІІ орынға – 6, ІІІ орынға – 10. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» (мәнерлеп жатқа оқу) бағытында Бас жүлдемен – Аққулы ауданы С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ 7 сынып оқушысы Иманкулова Анель; І дәрежелі дипломымен – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Еділ Айнара; ІІ дәрежелі дипломымен – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Каиржанова Аида, Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 8 сынып оқушысы Баймухамбетова Сабина; ІІІ дәрежелі дипломымен – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Жақсылық Аяулым, Май ауданы А. Иманов ат. ЖОББЛМ 9 сынып оқушысы Қаиргельдинова Назерке, Павлодар қ. №38 ЖНББМ 9 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар) бағытында Бас жүлдеге –  Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы Иманғазы Қадырхан; І дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Қ.Беқхожин ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Орымбай Шынболат; ІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 7 сынып оқушысы Күмісбек Медина, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ақтан Әділет; ІІІ дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖОББМИ 7 сынып оқушысы Қанаш Ернұр, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Асанбай Жадыра, Ақсу қ. Гагарин ЖОББМ 9 сынып оқушысы Досан Наурызбай және Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жунусова Махаббат ие болды.

«Толқынмен толқын сырласып…» (ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыс) бағытында Бас жүлдені – дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Шапағат Мадияр; І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Үштерек ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жексенбай Назерке; ІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Қайырден Жансая, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Қазтай Айшат; ІІІ дәрежелі дипломды – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Бахытбек Бахтияр, Шарбақты ауданы Шегірен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Абилова Саида, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серікпай Ботагөз иеленді.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий