Қауіпсіздік қала әкімінің назарында

Жуырда шаһар басшысы жергілікті мектеп басшыларымен кезекті мәрте жүздесті. Бұл кездесуде негізінен білім ұяларындағы санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне баса назар аударылған болатын. Бүгінде мектептерде бейнебақылау жүйесі, дабыл түймелері қойылып, ішкі істер органына байланыстырылған, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске кірісуде. Қазіргі уақытта 38 мектептің қауіпсіздігін қадағалау мамандандырылған күзет агенттіктеріне тапсырылып отыр. Қалған мектептер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда. Әкім Абат Шыныбеков олардың күнделікті жұмыстарын – бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауын, мектеп аумағын бақылауда ұстауын мектеп басшылары қадағалап отыруы тиістігін ескертті. Сондай-ақ жиында шәкірттердің жолда жүру қауіпсіздігі қозғалды. Күз келіп, қараңғылық ерте түсетіндіктен бұл мәселе де алаңдаушылық тудырады. Бүгінде білім ұйымдары аумақтарында жол белгілері қойылып, жарықтандырылды.

Десек те, оқушылардың сыртқы киімдерінде, сөмкелерінде жарыққа шағыласатын белгілердің болуына назар аударылуы қажет. Бұл мәселеде ата-аналармен жұмыстануды тапсырды. Сонымен қатар жиында білім ұйымдарына жылудың берілуі, мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуына қатысты мәселелер қозғалып, білім сапасын көтерудегі міндеттер бойынша жұмыстарды жетілдіру жайы айтылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий