Ұстазын ұлықтаған ел

Биылғы жылы қазақтың барша зиялы қауымы ұлы Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығына, даналығына терең назар аударып, оның педагогикалық, тәрбиелік тұрғыда атқарған зор еңбегін дәріптеуде. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары білім берудің даму тарихында оң рөл атқарып, маңызын күні бүгінге дейін жоғалтпағаны анық. Педагог-ағартушы ретінде Ы.Алтынсарин мектептің маңызы мен рөліне, сондай-ақ, оқу және тәрбие үдерістерінің мақсаттарын іске асырудағы мұғалімнің әлеуметтік және адамгершілік миссиясына үлкен көңіл бөлді.

Оның өмір жолы біз үшін өз халқының жарқын болашағы жолында надандық пен бюрократияға қарсы күрестің үлгісі. Ұлы ағартушы, ақын, жазушы, этнограф, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейі жылын Ақмола облысының педагогтар қауымдастығы жылы ниетпен қабылдап, осы алып тұлғаның мұрасын насихаттау, пайымдау мақсатымен бірқатар іс-шаралар өткізді. Нақты атап өтетін болсақ, ұлттық мәдениетімізді, адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу, ұлы адамдардың рухани құндылықтарын үйренуді шыңдау мақсатында «Алтынсариннің идеялары: бастауынан біздің заманымызға дейін» атты виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.

“Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісінің иегерлерімен «Сыр-сұхбат» атты бағдарлама, жас педагогтармен, жаңашыл педагогтармен кездесулер өтті. Оған қоса, әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған «Ыбырай өрендері», «Ұстазға хат» эстафеталары көпшіліктің назарынан шықты. Балалардың бойында мектеп білімі мен тәрбиесі туралы түсінік қалыптастыру және білім алудың маңыздылығын жеткізу мақсатында пікір-сайыс, дөңгелек үстел, конференциялар өткізілді. Ата-аналар қауымдастығымен Алтынсариннің отбасылық құндылықтар туралы идеяларын талқылау мақсатымен тиісті алаңдар ұйымдастырылды.

«Оқуға құштар аймақ» акциясы шеңберінде облысымыздың түпкір-түркірінде көпшілік жиналатын жерлерде ақынның шығармалары оқылды. Осы және басқа да көптеген іс-шаралар қазақ даласына мектептер ашқан алғашқы ұстаз тұлғасын, өмірін, шығармашылығын дәріптеу жолында маңызды болғаны сөзсіз. Даланың дара ұстазы – Ыбырайдың тағылымын зерделеу мен зерттеу жолында «Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» атты облыстық конференция маңызды да мағыналы шаралардың бірі болды.

Конференцияға қатысқан Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы конференцияға қатысушыларды құттықтап, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының ағартушылық тарихында қалдырған мұрасының маңыздылығы жайлы айтып өтті.

Ғылыми конференцияның спикері ретінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, педагогикалық ғылымдар кандидаты, профессор, «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Сеңкібаев Сабыр Тәлиұлы, Педагогика ғылымдарының магистрі,  Көкшетау Мемлекеттік университетінің оқытушысы Шагирбаева Бақытгүл Қошқарбайқызы, Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Мукушева Каракоз Сериковна, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ережепова Гульбира Батыровна, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жоғары біліктілік санатты Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кадралиева Гульнар Ануарбеккызы сөз сөйледі.

Конференцияның соңында педагогтар Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталып, оларға «Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» Ақмола облысы педагогтерінің жарияланымдар жинағы табыс етілді.

Мәдина Белгібайқызы ХАСЕНОВА,
Ақмола облысы білім басқармасының
оқу әдістемелік кабинеті директорының
орынбасары, Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий