“Ұстаз” ұлттық онлайн академиясының жаңа жобаларына оралдық педагогтер белсене қатысуда

«Ұстаз» ұлттық онлайн академиясының бастамасымен жергілікті мектеп басшылары мен педагогтары үшін басқару құзыреттіліктері және жаңа педагогиканы оқытуға арналған жаңа жобаны қолға алды. Бұл шараға 33 мектеп командасы жолдама алған болатын, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

“Ұстаз» ұлттық онлайн академиясының директоры Гүлмира Қорғанбаева, координаторы Сұлтан Мұқанов және жобаның өңірлік координаторы Светлана Бақышова жоба қатысушыларымен кездесті. Семинарды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова алғы сөзімен ашып, жаңа бастама білім беру жүйесін дамытуға, оның ішін мектептерді жаңаша дамыту, өзгерістер енгізу, мектептерді басқарудың жаңа бағыттарын айқындау, қатысушылардың көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге серпін береріне сенімін білдірді.

«Ұстаз» ұлттық онлайн академиясының директоры Гүлмира Қорғанбаева бағдарламаның мақсат-міндеттерімен, оқу бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның ұзақтығы – алты ай. Осы уақытта «Ұстаз» ұлттық онлайн академиясының сарапшылары мектептердегі өзгерістер жобаларын әзірлеу бойынша мектеп басшылығына консалтингтік қолдау көрсететін болады. Мектептің даму стратегиясы, мектептегі өзгерістердің жол картасы, мектептің таңдалған моделіне байланысты оқу бағдарламасын әзірлеу, жаңа HR саясатын құру мақсатындағы жұмыстар жүргізілмек.

Нәтижесінде оқуға қатысушылар жобаларды жария қорғайтын болады. Бұл ретте академия тарапынан менторлар ұсынылады. Бірінші – мектепті дамытудың жаңартылған моделі, мектеп стратегиясы, қаржы моделі; мектеп өзгерістерінің жол картасы; мектеп құндылықтары ДНҚ-сы. Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы. Ұлттық кодтар; HR-мектеп саясаты; мектепті цифрландыру саясаты.

Алтыншы – оқу бағдарламасының жаңа дизайны, вариативті бөлікті күшейту; мектептегі зерттеулер; командалардың әрбір қатысушысының жеке даму жоспары; стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспары; мектеп брендін қалыптастыру. Мектептің маркетингтік жарнамасы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий