Ақмола облысы: Колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері сайысқа түсті

Біздің аймақтағы колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Көлік және байланыс», «Наубайхана шеберлігі», «Аспаз ісі», «Киім дизайны» құзыреттіліктері бойынша сайысқа түсті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: А.Блялов – облыс орталығындағы жоғары техникалық колледжінің ө/о шебері; А.Е.Искакова – Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжінің ө/о шебері; В.Мамасалиева – Щучинск қ. жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы; Хавдыразах Кульжазира – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы және тағы 16 педагог байқаудың республикалық кезеңіне облысымыздың атынан келесі бағыттар бойынша қатысады: «Энергетика», «Құрылыс», «Хореография», «Агрономия», «Ветеринария», «Инженерия», «IT-технологиялар», «Қонақ үй әкімшілігі», «Химиялық технология».

Кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасы басшысының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. Облысымызда педагогтар арасында «Үздік педагог», «Үздік ө/о шебері» және тағы да басқа байқаулар ұйымдастырылады. Салалар бойынша педагогтар арасындағы аталмыш конкурс алғаш рет өткізілуде және ол педагогтарға өз шеберліктерін көрсетуге, үздік практикалармен алмасуға мүмкіндік береді. Республикалық кәсіби шеберлік байқауына жолдама алған жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий