Оқушыларға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, біліміндегі олқылықтарды толықтыру басты міндет

Жұмыс сапары барысында Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы мектептерге, сондай-ақ Кеңгір ауылдық мектебіне бардым. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін араладым. Сондай-ақ Жезқазған университетінің қызметкерлерімен кездесіп, мектеп директорларымен және өңірдегі білім беру бөлімдерінің басшыларымен жиналыс өткіздім, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желесіндегі парақшасында.
Мектеп оқушыларымен және педагогтермен де әңгімелестім. Балалар дәстүрлі форматта өтіп жатқан оқу процесіне қатысты ойларымен бөлісіп, мұғалімдер сұрақтарын қойды. Қазіргі уақытта балаларымыз үшін қолайлы жағдай жасау және ең бастысы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру басты міндет болып табылатынын атап өткім келеді.
 
Бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмаларымен жабдықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, барлық кездесу мен жиналыстардың қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма бердім.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий