Оқырман ойы: Шығармашылық шоқтығы биік

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газеті отандық саладағы бағалы бастамаларға үздіксіз қолдау білдіріп, оқырман көңілінен шығып жүрген бірегей басылым.  Азды- көпті тарихы болса да, тигізген үлесі ұшан теңіз.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында барлық бағытты қамтып, ұлағатты ұстаздардың қажырлы қызметін қалың көпшілікке кеңінен насихатап келеді. Білімді елдің – болашағы жарқын. Сондықтан да оқу саласында темірқазығымызға айналған апталықтың жан-жақты болғанын қалаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдары – жаңа әлем мен биік белестің бастауы.

Ұстаздар қауымының редакция ұжымына айтар алғысы шексіз. Себебі шығармашылық ізденістерін әрбір жаңа саны мен ақпараттық сайтынан оқып жүрміз. Елімізде республиканың барлық аймағын кеңінен қамтыған газет пен журналдардың саны аса көп емес. Солардың арасында шоқтығы биік бұл басылымның біз үшін орны бөлек.

Айнұр ӨТЕБАЕВА,
№127 Ш.Уалиханов атындағы мектеп
лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий