Әрбір шәкірт ұстазымен мақтанады

Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге мен білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізге шын пейілмен мың алғыс айтатын оқушыларыңыз, ата-ана, жұртшылық көп, әрине.

Өскелең жастарды тәрбиелеудегі жауапты істеріңізге табыс, күш қайрат, отбасыларыңызға амандық пен баянды бақыт тілеймін. Мәңгілік еліміздің келешегі – ұрпақ тәрбиесіндегі игі істеріңізде кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін демекпін.

Атыбай БОЛАТ,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаменті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий