Үздік педагог – 2021: Басты ұстаным – ұлттық рухты сақтау

Масатова Майжан Жеткізгеновна еңбек жолын Жаңаөзен қаласындағы №10 жалпы білім беретін  орта мектептен бастаған. Бүгінгі таңда №15 жалпы білім беретін орта мектептің  жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Педагогикалың  еңбек  өтілі  16 жыл. Биылғы жылдың үздік педагогтерін анықтау үшін салалық министрліктің тарапынан арнайы ұйымдастырылған республикалық байқауда мәртебелі атақ пен арнайы белгіге ие болды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақ тілі – ұлттық тәрбиенің ұйытқысы. Ұлттық рухты сақтау» тақырыбын кәсіби даму бағыты ретінде ұстанып, үнемі өз сабақтарында, шығармашылығында қолданып келеді. Сонымен қатар, ол мектепішілік, ауыл, қала, облыс көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында тренері, республикалық «Елбасы медалі» жобасында тәлімгер.

Жаңаөзен қалалық «Ауылдық іскер әйелдер» қоғамдастығында мүше және хатшы, «Маңғыстаудың үздік педагогтері» қауымдастығы мүшесі, «Педагог» бағдарламасының жүргізушісі, қалалық және облыстық деңгейдегі мұғалімдердің және оқушылардың пәндік олимпиадалары мен кәсіби конкурстарында қазылар алқасының құрамында нәтижелі жұмыс атқарып келе жатырған шығармашыл педагог.

Ол ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық қызметкер. Әріптестерімен үнемі тәжірибе алмасып, жас мамандарға да көмектесіп отырады. Ұстанымы – адамгершілік пен сыйластық. Кәсіби жетістіктері мен алғыс, марапаттары аз емес. Атап айтқанда 2019 жылы  облыстық «Білім үздігі-2019» байқау жеңімпазы (1000 000тг.) атанып; 2021жылы мектеп лицей және гимназия мұғалімдерінің арасындағы «Ұлағатты ұстаз» республикалық байқауында алдыңғы қатардан көрінді. 

2021жылы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласы аясында «Жаңа формация ұстазы –шығармашыл тұлға» әдістемелік жинағында «Үздік автор» номинация иегері; 2021 жылы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30  жылдығына арналған республикалық форумында ғылыми тәжірибесімен бөлісті; 2019 оқу жылы ҚР Білім және ғылым министірлігінен Алғыс; 2021жылы «ҚР  Парламентінің  Мәжілісі мен мәслихаттар  депуттарының  сайлауында белсенділік  танытқаны үшін» Елбасы  Алғыс  хаты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Үздік педагог – 2021: Басты ұстаным – ұлттық рухты сақтау

  1. Майжан Жеткізгеновна, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін, өрлеу мен өсуге бастасын.

Добавить комментарий