Білікті ұстаз – биік мәртебе

Білім жолы – қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады, ал осы білім жолына жетелейтін-ұстаз. Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек, өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз, осындай ұстаздың бірі Байсарова Гүлбану.

Гүлбану Гасанкулиевна 01.10.1979 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай кентінде дүниеге келген. 1996 жылы мектепті үздік аяқтап, Ақтау Мемлекеттік Университетінің “Инженерлік-техникалық” факультетіне оқуға түсті. 2001 жылы университетті бітіріп, “Инженер-құрылысшы” біліктілігін алды. Осы жылдың қыркүйек айында “Механика және машина жасау технологиясы” кафедрасында ассистент ретінде жұмыс істей бастады. 2003 жылы оқытушы лауазымына ауыстырылды. 2004 жылы “Ақтау Мемлекеттік Университетіне” 6М0712-“Машина жасау”мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2005 жылы  “Техника және технология магистрі”академиялық дәрежесін алды.

2013 жылы 0408-“Инженерия және механика технологиясы” бағдарламасы бойынша А. Церетели атындағы Кутаиси мемлекеттік университетінің докторантурасына қабылданды. 2016 жылы докторлық диссертациясын қорғады және Рhd докторы атағын алды. Негізгі ғылыми еңбектері: «Термиялық төзімді шыбықтардың үлкен орын ауыстыруларын есептеу» монография және оқу-әдістемелік құралдар мен Skopus тізіміңде, ККСОН, халық аралық конференцияларда жарияланған 50-ден аса ғылыми мақалалар авторы.

Әрбір ісіне жауапкершілікпен қарап, тындырымды жұмыс атқаратын ол бүгінгі таңда Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің “Құрылыс инжиниринг” кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Кейіпкеріміздің ұстанымы – мынау  қайнаған  заманда  жаңа технологияларды қолданып,  табысты еңбек ету. «Ана – үйдің берекесі, бала-үйдің мерекесі» деген ғибратты сөз бар.

Сол айтпақшы, Гүлбану Гасанкулиевна білікті маман ғана емес, ең бастысы  үйдің де, түздің де шаруасын бір кісідей дөңгелетіп жүрген аяулы ана,  отбасының ұйытқысы, екі қыз және бір ұл тәрбиелеп  отыр. Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай білім берудің жаңа саласына жету ұстаздың мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий