Ақмола облысында үздік ресурстық орталық анықталды

«Үздік ресурстық орталық» (тірек мектебі») республикалық конкурсының облыстық (сырттай) кезеңіне 14 ресурстық орталық (тірек мектептер) қатысты. Іс-шара ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудың озық тәжірибесін анықтауға, жинақтауға және таратуға, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді, – деп хабарлайжы Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сайысқа ұсынылған құжаттар мен бейне материалдарды комиссия бағалап, келесі жүлделі орын мен екі номинация иегерлерін анықтады: 1-ші орын – Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 10 мектеп-интернаты; 2-ші орын – Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі; 3-ші орын- Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі.

Номинациялар бойынша: 1. Сандықтау ауданы Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері, Байдалы Уразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; 2. Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі. Айта кетейік, ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жүйесі, білімдегі олқылықты жоюға бағытталып, магниттік шағын жинақты мектеппен тығыз байланыстылығын айқындайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий