“РМҚК “Бөбек” ҰҒПББСО “Өзін-өзі тану” балабақшасында жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесін жетілдіру жолдары туралы”

Балалық шақ-болашақ азаматтың денсаулығы қалыптасатын, өмірлік тәжірибе жинақталатын және жеке тұлға болуға бағытталған адам өміріндегі ерекше әрі өте маңызды кезең. Қоғамда қашан да барлық жастағы балалардың адамгершілік тәрбиесі туралы мәселе ерекше назарда. Рухани-адамгершілік тәрбие адамның рухани бай,  еркін, тәуелсіз және сонымен бірге әлеуметтік жетілген, жауапты болатын халықтық дәстүрлерге ие жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген.

 

«Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева өзінің «Өмір этикасы» кітабында: «Мен бала жас кезінен-ақ   әрқашанда дені сау да  әрі бақытты болуын, өмір даналығы мен адамзатқа  қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін қалаймын.  Өзінің кім екендігін, не үшін өмір  сүріп, неге талпынатынын пайымдай білсе екен  деймін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-деген.

«Өзін-өзі тану» балабақшасы 2009 жылдың тамыз айында ҚР Бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның бастамасымен мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік білім беру алаңы ретінде ашылды. «Өзін-өзі тану» балабақшасында балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту баланың жеке басының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру идеясына негізделеді.

«Өзін – өзі тану» балабақшасының миссиясы-бұл әр баланың сапалы және қолжетімді білім алу құқығын іске асыру, оның денсаулығын сақтау және нығайту, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құнды кезеңі ретінде жеке дамуы және өмір сүруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Балабақшада жағымды достық атмосферасы құрылған, бұл әр балаға адал достар табуға көмектеседі.«Бағбан секілді, сіз баладағы жоғары сезімді дамытып, бағалауыңыз керек, ерте ме, кеш пе, бұл кішкентай адамға өзінің Менін ашуға, тағдырын табуға көмектеседі». Сара Алпысқызының бұл сөздері өзін – өзі танудың түп мәнінде-тұлғаның үйлесімді дамуының кілті болып табылады.

Мұғалім балаларды шабыттандыруы, жақсы көруі, олар үшін бейбітшілік, сүйіспеншілік атмосферасын құруға үлгі болуы керек, балаларда туылғаннан бастап қалыптасқан құндылықтарды ашуы керек.

«Өзін – өзі тану» балабақшасының педагогикалық ұжымы-бұл балалармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар, оқыту мен тәрбиелеудің кез келген міндеттерін сындарлы шешуге қабілетті шығармашыл адамдардың одағы.

Біздің тәрбиеленушілеріміздің рухани әлеуетін қалыптастыру, олардың бойында рухани-адамгершілік бағдарларды дамыту мектепке дейінгі балалық шақтың мәдени тәжірибелерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Олар: ойын қызметі; көркем әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс; еңбек қызметі; танымдық қызмет; театрландырылған және музыкалық қызмет; әлеуметтік-маңызды жобалық қызмет; әлеуметтік-мәдени ортамен өзара іс-қимыл; әртүрлі жастағы қоғамдастықтардағы қарым-қатынас.

Балабақшадағы оқу – тәрбие қызметі Мемлекеттік бағдарламалар негізінде  және ҚР Білім беру мазмұнының білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады, мектеп жасына дейінгі балалардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескереді, әр баланың жеке басының өзін-өзі анықтауы мен дамуына жағдай жасайды, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастырады. Балабақшаны аяқтағаннан кейін түлектер «Өзін-өзі тану» гимназиясында білім алада.

Балабақшада зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік салаларда балалардың дарындылығы мен зерттеу қызметін дамыту үшін жағдайлар жасалған. Шахмат клубы, Ағылшын тілі, көркемөнер шеберханасы, театр студиясы, В.Воскобовичтің дамыту ойындары, М.Монтессори әдісі бойынша сабақтар, жүзу, партерлік гимнастика – балабақшадағы қосымша білім берудің барлық жүйесі баланың жеке әлеуеті мен ішкі әлемін ашуға бағытталған.

Оқу-ойын іс-әрекетінде денсаулық сақтау технологияларының нысандары мен әдістері белсенді қолданылады, балалардың қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған. Бұл динамикалық үзілістер, көзге арналған жаттығулар, сергіту жаттығулары, тыныс алу жаттығулары. Балалар тұзды шахта мен бассейнге барады. Бұл іс-шаралар баланың өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін дамытады және салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастырады.

Балабақша сабақтар өткізу үшін ыңғайлы, тамаша кабинеттермен  жабдықталған және  мейірімді атмосфера және үздіксіз шығармашылық іздеуге бағытталған, жарық әрі әдемі ресімделген ойын бөлмелері бар.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектепке дейінгі кезеңге арналған мақсаты- балалардың қоршаған әлемге, адамдарға, өздеріне деген рухани-адамгершілік қатынастары саласында бастапқы өмірлік маңызы бар құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Өзін-өзі тану сабақтарында балалар үшін мейірімділік пен түсіністіктің таңғажайып әлемі құрылады және балаларға рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын әлемді және адамдарды сүюге үйретеді.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы ата – аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Өйткені рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Ата-аналар – балаларын бақытты, шығармаш, сенімді, мейірімді адамдар ретінде көргісі келетін алғашқы мұғалімдер. «Өзін-өзі тану» балабақшасында педагогтардың, тәрбиешілердің және ата-аналардың шығармашылық ынтымақтастығы ұйымдастырылған. «Өзіңде адамды жаса» ата – аналар университеті, «Достастық» ата-аналар клубы, «Біз біргеміз» мерекесі, «Руханилықтың кәусар бұлағы» шығармашылық фестивалі, ашық есік күні, қайырымдылық акциялары-бұл балабақша ата-аналары белсенді қатысатын  іс-шаралардың бірі.

Сара Алпысқызының махаббатқа, даналыққа және адамзатқа толы ойлары терең адамгершілік ақиқат пен рухани білімді қамтиды. Бұл табысқа жетуге және бақытты, ең бастысы лайықты өмір сүруге көмектесетін жақсы сөздер.

«Біздің әрқайсымыздың өз жолымыз, өз өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізде ортақ бір міндет бар: жанымызда өшпейтін сүйіспеншілік нұрын алып жүру, Адам болу!»- С. А. Назарбаева.

 

РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО
«Өзін-өзі тану» балабақшасының директоры  Г.П.Касенова

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий