“Асыл жүрек” республикалық балалар шығармашылығы фестивалі

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы 2020 жылдан бастап, «АСЫЛ ЖҮРЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІН өткізуді дәстүрге айналдырды.

Биыл да 2021 жылғы 15 қазан мен 25 қараша аралығында  «БӨБЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  25 жылдығына  арналған «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушыларға есігін айқара ашты.  Дарынды оқушыларды қолдау үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеттерін және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында өткізіліп жатқан фестиваль 2 номинациядан тұрады.

Сурет салу байқауы және өлеңдер мен эссе байқауы.

Рухани-адамгершілік тақырыптағы суреттер төменде көрсетілген тақырыптар бойынша қабылданады:

  • «Жүрекке жылу беретін үй»;
  • «Өзін-өзі тану елі»;
  • «Жанға тән құндылықтар».

Өлеңдер мен эсселер байқауында

  • «Балаларға берілген жүрек»;
  • «Сүйіспеншілік шуағы»;
  • «Өзіңе жол» тақырыбына жазылған ой-толғаулар қабылданады.

Фестиваль төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • шығармашылық қызмет арқылы оқушылардың рухани әлеуетін ашу;
  • рухани-адамгершілік білім беру саласындағы дарынды оқушыларды қолдау және көтермелеу;
  • шығармашылық бастаманы дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар призмасы арқылы оқу пәндерін және қосымша білім беру пәндерін оқуға қызығушылықты қалыптастыру;
  • білім алушыларды жобалық және зерттеу қызметіне, рухани ізденіске және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру үшін жағдай жасау;
  • педагогтардың жұмысы үшін мотивациялық орта құру;
  • жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
  • білім беру ұйымдары арасында білім алушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Өнер мен шығармашылықты  рухани-адамгершілік құндылықтармен қатар алып жүретін оқушылар мен ата-аналарды, әріптестерімізді республикалық фестивальге қатысып, бақ сынап көруге шақырамыз.

Байқауға қатысуға өтінімдер, шығармашылық жұмыстардың/суреттердің, өлеңдер мен эсселердің сканерленген нұсқалары 2021 жылдың 15 қазаннан 25 қарашаға дейін «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК ұйымдастыру комитетіне school-bobek@mail.ru электронды поштасына қабылданатынын хабарлаймыз.

«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылық фестиваль-байқауының ережесін https://clck.ru/YERVi сілтемесіне өтіп, таныса аласыздар.

 Біз сіздерге шығармашылық шабыт және сәттілік тілейміз!

 

«Өзін-өзі тану» гимназиясының педагог-ұйымдастырушысы Оспанова Маржан Мусилимхановна

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий