Оқырман ойы: Қоғамға қажет газет

Қазақ елінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен шығарылатын  «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газеті ұстаздар қауымын еліміздегі білім саласының жаңалықтарымен толықтай қамтамасыз етеді.

Әр өңірдің ұстаздарың пікір алмасу құралы ретінде газет ұстаздардың ғылыми-шығармашылық ізденістерін шыңдайды. Баспа беттерінде жарияланып жатқан жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдер жас мамандардың   алғашқы қадамдарына серпін беріп, ізденімпаздыққа ұмтылысын арттырады. Газет ұстаздардың  өз тәжірибелерімен бөлісу алаңы іспетті. Руханиятымызды сақтауға өзіндік ықпалын тигізіп отырған бірден бір қоғам тарапынан сұранысқа ие болған газет.

Гульсим  ШАТЫРБЕКОВА,
А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп
гимназияның кітапхана меңгерушісі,
Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий