Ақмола облысында пікірсайыс турнирінің үздік спикерлері анықталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Бұл шараға «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы бастамашы болған еді. Турнир өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, туған өлке мен елдің проблемаларын талқылауға және шешуге қатыстылығын тәрбиелеу, облыс мектептеріндегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Турнирге аймақтағы 12 аудан мен екі қала және облыстық мамандандырылған мектептерден барлығы қырық команда (қазақ лигасы– 20 команда, орыс лигасы – 20 команда), оның құрамында 80 бала қатысты. Пікірсайыс турнирі Америкалық Парламенттік форматы бойынша өткізілді. Турнир іріктеу кезеңінен, жартылай финал және финалдан тұрды. Турнирдің қорытындысы бойынша төрешілер алқасы турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлерін анықтады.

Қазақ лигасында: 1 орын – “Ақиқат ұшқыны”, Ақкөл ауданы; 2 орын – “Billionaires”, Көкшетау қаласы; 3 орын – “Жас қыран”, №4 ДБАОММИ. Орыс лигасында: 1 орын – “Астрея” , Bolashaq saraiy; 2 орын – “Аконит”, Көкшетау қаласы; 3 орын – “Прометей”, Bolashaq saraiy. Сонымен қатар, қазақ лигасы бойынша Кемеңгер тобының мүшесі Рахимов Мирас (Целиноград ауданы), орыс лигасы бойынша “Аконит” тобының мүшесі Заруцкая Александра (Көкшетау қаласы) «Үздік спикер» атанды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Қазақ және орыс лигаларында 1 орынға ие болған “Ақиқат ұшқыны” және “Астрея” командалары 2021 жылдың 27-28 қарашасы күндері Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының бірлесуімен өткізілетін Республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий