Оқырман ойы: Ашық диалог алаңы

Газет – ақпараттың тәрбиелік мәні, һәм эстетикасы. Бүгінде отандық білім беру жүйесіндегі жүйелі жұмымтардың барысын сала қызметкерлеріне  «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газетінің маңызы ерекше.

Бұл апталық аз ғана уақыттың аралығында педагогикалық қоғамдастығы үшін ашық диалог алаңына айналды. Басылым беттері мен ақпараттық сайтта барша ұстаздар қауымының, соның ішінде жас мамандардың шығармашылық және кәсіби өсуіне бағытталған жан-жақты жұмыстар жүргізілуде, үздік мұғалімдер мен ұжымдардың озық тәжірибесін насихаттау, білім беру кеңістігінде туындайтын проблемаларды анықтау мен оларды шешудің мүмкіндігі жасалған.

Біздің білім ордасындағы әріптестер де осы танымал әрі беделді газеттің басты оқырмандарына айналып отыр. Әр апта сайын жаңа санын асыға күтеміз. Алдағы кезде де біз үшін білім беру кеңістігінде басты бағдар және көмекші болып қала беретініне сенімдіміз. «Білімді ел – Образованная страна» газеті ұжымына шығармашылық табыстар мен жемісті жетістіктер тілейміз! Ойлы оқырмандарыңыз көп болсын!

№3 жалпы орта білім беретін мектеп
кешенінің ұжымы, Шығыс Қазақстан
облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий