Үздік педагог – 2021: Мақтаулы маманның мәртебелі мерейі

Әлібекова Айна Алпысбайқызы 1972 жылы сәуір айында дүниеге келді.  2004 жылы Ш.Есенов атындағы  Ақтау университетін «Әлеуметтік сфера мен салалардағы экономика» мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі таңда Маңғыстау туризм колледжінде өндірістік оқыту шебері қызметін атқарады. Педагогикалық өтілі 9 жыл. Бірінші санатты арнайы пән оқытушысы, Ол биылғы жылдың үздік педагогтары анықталған республикалық байқаудың жеңімпазы ретінде, мәртебелі атақ пен ескерткіш белгіге ие болды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ол өңірлік WorldSkills чемпионатының бас сарапшысы атанып, республикалық, халықаралық чемпионатының  сарапшысы мәртебесін иеленген мақтаулы маман. Жетістіктері: 2016 ж.  20.06.-01.06. Жұмысшы мамандығының «World Skills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хаты; 2016ж. Маңғыстау облысының әкімдігінің  Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының дамуына жалынды жігер танытып, техникалық және кәсіптік білімнің дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс хаты.

2017ж. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаты; 2017ж. Жұмысшы мамандығының «World Skills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хаты; 2017 ж. «World Skills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының «Нан пісіру шебері» құзыреттілігі бойынша сертификатталған сарапшы;

2017 ж. 2017 жылдың 27-29 қараша аралығында өткен жұмысшы мамандығының «Batysskills» аймақаралық чемпионатын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хаты; 2018 ж. «World Skills Kazakhstan» чемпионатының сертификатталған сарапшы; 2018 ж. жұмысшы мамандығының «World Skills Aktau» өңірлік чемпионатын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғыс хаты; 2018 ж.  «World Skills Kazakhstan » Ұлттық чемпионатының «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша сертификатталған сарапшы.

2019 ж. «World Skills Aktau» өңірлік чемпионатына «Мейрамханалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша сарапшы ретінде қатысқанын растайтын сертификат. 2019 ж. «World Skills Kazakhstan 2019» V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатына қатысқанын растайтын сертификаты; 2019 ж. Маңғыстау облысының әкімдігінің «World Skills Kazakhstan 2019» V Республикалық чемпионатына кәсіби маман даярлап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс хаты.

2019 ж. 10-16 маусым.  Минск қ. кәсіби аспаздық колледжінің  ««World Skills» стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру «Мейрамхана сервисі» құзыреті бойынша кәсіби білім берудің озық технологиялары» бағдарламасының қатысушысы; 2019 ж. Әлемдік «WorldSkills Kazan 2019- WorldSkills Juniors» чеспионатының сертификатталған сарапшы; 2019ж. Білім үздігі – 2019 «Үздік өндірістік оқыту шебері» атағының иегері.

2019 ж. «Крендель 2019» студенттер арасындағы халықаралық  аспаздар байқауына қатысуға команданы дайындағаны үшін және белсенді қатысқаны үшін алғыс хаты; 2020 ж. World Skills Russia стандарттары бойынша Мәскеу қаласының  Зеленоград әкімшілік округінің Кәсіби шеберлік бойынша  II ашық чемпионатының сертификатталған сарапшы компатриотты; 2020 ж. World Skills Russia стандарттары бойынша Мәскеу қаласының  Зеленоград әкімшілік округінің Кәсіби шеберлік бойынша  II ашық чемпионатына қосқан үлесі үшін алғыс хаты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий