Ынтымақтастықтағы, оқушылармен достастық қарым – қатынастағы мектеп…

 

Біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, оның маңызды ерекшелігі – ақпараттық технологияларды адамзат қызметінің барлық салаларына, соның ішінде білім беру жүйесіне белсенді енгізу. Сонымен бірге, білім берудің негізгі міндеті – адамның жеке қасиеттерін дамыту, ынтымақтастықта болу, көңіл-күйін басқару, өзіне, сөзі мен іс-әрекетіне жауапты болу. Өзгеріске толы бүгінгі күнде бізге: ынтымақты, ашық-жарқын, балалармен достық қарым-қатынас орнататын, мейірімді мектеп қажет.

Көптеген әдебиеттерде табысты мектептер көбінесе оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қажеттіліктері қанағаттандырылатын қамқоршы қоғам ретінде айтылады және ол жерде мектепке деген бауырмашылдық байланыс артады.  Қамқор немесе мейірімді мектеп қоғамдастықтары тұлғаның әлеуметтік дамуын жақсарта алады, оқушыларға көптеген мүмкіндіктерді ұсына отырып, интеллектуалды және эмоционалды интеллектінің қалыптасуына ықпал етеді: академиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін басқалармен ынтымақтасу; маңызды әлеуметтік құзіреттіліктерді дамыту және қолдану; дербестікті таныту, сыныптағы қалыпты жағдайларға, ережелерге және сабақтарға қатысты шешімдер қабылдауға қатысу, яғни өзіне жауапкершілік алу (Battistich et al.Solomon et al\1992).

Біздің мектеп заман талабына сай бола отырып, балаларға мейірімді мектеп қалыптастыруды өзінің даму жолы ретінде көреді. НЗМ, ЮНИСЕФ-тің тәжірибесін зерттей отырып, біз жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мектеп мәдениетін қалыптастыру қажеттілігін түсіндік. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Семей қаласында білім беруді дамытудың стратегиялық жоспары негізінде жасалған мектепті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.

2020-2025 жылдарға арналған Мектепті дамыту жоспарының /МДЖ / мақсаты қойылған: мектеп мәдениетін дамыту арқылы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға, әлеуметтенуіне негіз жасау. Мектептің миссиясы: Бәсекеге қабілеттілік. Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген білім. Жаһандық ойлау. Жұмысымыздың күтілетін нәтижесі, біздің көзқарасымызда барлық оқушыларымыз мектеп түлегінің негізгі құзыреттеріне ие: мейірімді адам, шығармашыл тұлға, жауапкершілігі мол азамат, дені сау және дамушы тұлға; ал біздің оқытушыларымыз – оқыту мен оқуды жақсарту үшін жұмыс жасайтын, өз тәжірибесін зерттеумен айналысатын кәсіби мұғалімдер командасы болып келеді.

Білім беру ортасы-инновациялық технологиялар мен түрлі оқу ресурстарын қамтитын, әрі достық қарым-қатынастағы қауіпсіз орта. Мектептің даму жоспары үш бөлімге жүйеленген: 1-бөлім. Жоспарлау, оқыту және бағалау басымдықтарын қамтиды. «Оқыту мәдениеті» басымдығы бойынша PISA зерттеулерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуді және білім беру мәдениетін арттыру арқылы 2022 жылға қарай білім сапасын 66%-ға дейін арттырады деп күтулуде. «Ғылыми-танымдық және цифрлық мәдениет» басымдығы мектеп оқушыларының құзыреттігін дамытуға және сайыстар мен байқаулар, ғылыми жарыстар жүлдегерлері үлесін арттыруға бағытталған.

«Оқыту мәдениеті» басымдығы оқу қазіреттігін және саналы оқу сапасын дамыту, жылдам оқуды жетілдіру арқылы жүзеге асады. Басқару мен көшбасшылық «Ынтымақтастық  мәдениеті» мен «Тұлға мәдениеті» басымдықтарын айқындайды. Барлық мұғалімдер мектептегі білім беру ортасына ата –аналардың да үлкен әсерін атап өтеді. Сондықтан мектеп , отбасы және қоғам арасында ынтымақтастық үшін жағдай жасау маңызды болып келеді. Бұған қол жеткізу «Жасыл мектеп», «Оқуға құштар мектеп» атты мектепішілік жобаларды іске асыру барысында мүмкін болды. Жобалар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Мектепте экология мәселелерін оқу бағдарламаларына кіріктіру «Тәжірибелік экология: қалдықтарды сұрыптау» авторлық бағдарламасы, ал оқырман құзырлығын дамыту «Оқу мәдениеті» авторлық бағдарламасы арқылы енгізілуде. 3-бөлім. Персонал. «Көптілді білім беру мәдениеті» басымдықтарын (білім беру бағдарламалары мен мектеп миссиясының сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдердің тілдік құзыреттігін дамыту) және «Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті» (мұғалімдерді зерттеу) басымдықтарын қамтиды (Action Research  және Lesson  Study арқылы тәжірибе).

Жыл соңында әр мұғалім ұжым арасынан сыни дос таңдады. Бұл жоба мұғалімдердің бірлескен шығармашылық қызметіне бағытталған. Мұғалімдердің альянсы оқыту тәжірибесін зерттеу сапасын жақсартуға ықпал етіп, білім сапасын көтереді деп үміттенеміз. МДЖ мақсатты индикаторлары үшін Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштері мен Семей қаласының білім беруді дамытудың стратегиялық жоспары негіз ретінде алынды. Біз күтетін нәтиже өлшем бірліктері пайызбен және ұпайлармен көрсетіледі.

Қазіргі заманғы мектептер үлгілерінің жаңа классификациясы бойынша біздің мектепті жобаға – бағытталған деп жіктеуге болады. Басым міндеттері мен бағыттары командалардағы жобалар арқылы шешіледі. Онда жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін нақты жобалау тұжырымдамасына негізделген, нақты мәселелер анықталған, шешімдер ұсынылады және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық орнатылады. Мектеп оқушыларының кейбір пәндерді мамандық иелерімен оқуға мүмкіндіктері бар.

Оқудың бір бөлігі мектептен тыс, нақты жұмыс жағдайында өтеді. Бұл бағытқа тереңдету кейс – стади ұйымдастыру арқылы жүзеге асады: бір күні аспаздар, электрик, сатушы, мұғалім, орман шаруашылығындағы қызметкерлері және тағы да басқа кездесулер болады. Жобалық іс-әрекеттер арқылы МДЖ міндеттерін шешу метапәндік дағдыларды дамытуға бағытталған және оң өсу динамикасын көрсететін білім сапасына әсер етеді: 2020-62%, 2021-66%. Біз мұғалімдерге білім, дағды және шабыт беруді ғана емес, сонымен қатар мектеп ішіндегі мәдениетті өзгертуді қамтитын жүйені қалыптастыру – алға қойған мақсаттарға жеткізеді деп сенеміз.

Нұржан АХМЕТКАЛИЕВ,
№3 жалпы білім беретін кешенінің
директоры,
Светлана ОСПАНОВА,
директордың оқу-әдістемелік жөніндегі
орынбасары,
Мейрамгул ЖАНАСПАЕВА,
даму тобының жетекшісі, Шығыс
Қазақстан облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий