Тиімді тәжірибені жинақтау – педагогтің кәсібилігін жетілдіру қадамы

Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің тиімді тәжірибесін жалпылау мен тарату қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді бірі болып отыр. Тиімді педагогикалық тәжірибені таратудың өзектілігі  – педагогтің өз тәжірибесіндегі ұтымды тұстары мен оқытудың жаңашылдығын, жеке тұлғаның табысты оқуын реттейтін қадамдарды алға тарту. Ол үшін тәжірибені жалпылау алдында мұғалім өз тәжірибесіндегі мәселелерді анықтау, талдау, мәселелерді шешу жолдарын іздеу мен жүйелі түрде ұсынуды қажет етеді.

Әрине педагог өз тәжірибесін таратуда рефлексивті талдауды қажет етеді. Рефлексивті талдау аясында педагог оқыту үдерісінде қандай да бір нормативтік құжаттарды негізе ала отырып, оқыту үдерісінде ықпалдастыру жолдарын көрсету және өз пәні бойынша оқытудың жаңашылдығын, нәтижесін, мәселені шешудің ұтымды жолдарын негіздей отырып, факті, дәлелдермен таныстырулары шарт. Жалпы педагог өз тәжірибесін жалпылауда оқыту мен тәрбиелеу аясын, оқыту шеберлігіндегі педагогикалық жаңалықты, өзінің кәсіби өсу қадамдарын, құзыреттілігін аша түсуі тиіс.

Педагогикалық тәжірибені тарату – педагогтің зерттеушілік қабілетін көрсететін, оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды жүйелі түрде ықпалдастыра алу, өз тәжірибесінің қызметі мен нәтижені жүйелі түрде ұсыну мен тәрбие мен оқыту мәселелерінің заманауи шешімі. Тиімді педагогикалық тәжірибе таратуда тәрбие мен оқыту мәселелерінің заманауи шешімін көрсету,  оқыту тәсілдерінің заманауи ұстанымдарын табысты да тиімді қолдану, заманауи тәрбиелеу мен оқытуда мақсат, міндеттерге және мәселелерді шешу үшін жаңа мазмұнға, оқыту тәсілдерін ұйымдастыру қызметіне, оқыту құралдарына сүйенеді.

Сонымен қатар,  педагогикалық ғылым жетістіктерін қолданады немесе ғылыми зерттеулердің қорытындысына сүйенеді және өздері тәрбиелеу мен оқытудың жаңа моделін көрсетеді. Олардың қызметтеріне: жаңашылдық, педагогикалық шешімдері, педагогикалық білімдері кіреді. Педагогикалық тәжірибені жалпылауды облыс педагогтары «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО ПҚ БАИ арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдей отырып, әдістемелік қызметтерін сараптау, оқыту үдерісіндегі оқытудың ұтымды жолдарын көрсете алуға негізделген семинарлар арқылы өрбітуде. Аталған семинар мақсаты – педагогтердің кәсібилігін жетілдіру, педагогикалық қызметкерлердің құзыреттіліктерін шыңдау.

Кез келген педагог өз тәжірибесін жинақтап таратуда қызметінде келесілерге назар аударуы тиіс: педагогикалық жаңалықты өздігінен талдау, олардың негізінде тәрбиелеу мен оқытуда өзінің моделін құру, мәселелерді анықтау. Тиімді тәжірибені жинақтау мен жазу барысында келесі сұрақтарға жауап беру: мен не істеймін (қандай мәселені анықтаймын/зерттеймін: оқу, математикалық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылық дамыту және т.б.); не үшін жасаймын (мақсат қандай: МС, ҒЖС, ОС дамуын анықтау); мен мұны қалай жасаймын (қандай шешім ұсынамын: алгоритмдер, әдіс-тәсілдер); бұл қандай нәтиже береді (мәтін мазмұнын қорытындылайды); бұл нәтиже/жетістік қандай жағдайда ескерілді (оқушылардың қызығушылықтарына жауап беретін материалдарды таңдау үшін іріктелді).

Келешекте педагогтеріміз өз тәжірибелерін жинақтап, тарату үшін келесідей ұсынымдар тізбегін ұсынамын: тәжірибеңізді жалпылауда мәселені нақты көрсете білу; ең маңызды деп санайтын тәсілдеріңізді ашып көрсету; тақырыпты таңдауда нақтылықты көрсету; жұмыс тәжірибеңізді көрсететін материалдарды құрылымдау; оқушыларыңыздың дамуын бақылау және нәтижесін сараптау; оқыту үдерісіңіздегі қиындықтар мен табысты қадамдарыңызды назарға алу. 

Қорытындылай келе, кез келген педагог өз тәжірибесін жинақтап, таратуда кәсіби шеберлігін көрсету, шығармашылық қабілетін шыңдау, тәжірибе аясындағы тұжырымды дәлелдерін, педагог ретінде алдына қойған мақсаттары мен тиімді тәжірибені тарату жолын жақсы түсіне білуіміз қажет.

Гүлзат Кенжебекқызы ӘЛЖАНОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының
магистрі, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий