Ақмола облысы: Педагогикалық олимпиадаға қырықтан астам жас педагог қатысты

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимінде ұйымдастырылды. Іс-шара жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Педагогикалық олимпиадаға жұмыс өтілі бес жылдан аспайтын аймағымыздың 42 жас педагогы қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: Санаты бойынша: педагогтар. 1 орын – Кенжебаев Еламан Кенжебаевич, Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі, тарих пәнінің мұғалімі; 2 орын – Матчанов Бахтияр Уразымбетович, Атбасар қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі» , география пәнінің мұғалімі; 3 орын – Бұғыбай Төлепберген Дорбетханұлы, Астраханка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі, информатика пәнінің мұғалімі.

Санат бойынша: психологтар: 1 орын – Манатов Аслан Айтжанович, Жарқайың ауданы Державинск қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі», педагог-психолог; 2 орын – Ахметова Аида Бейсенқызы, Жақсы ауданы Қийма ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, педагог-психолог; 3 орын – Байқол Қарлығаш, Ерейментау Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, педагог – психолог.

Санаты бойынша: тәлімгерлер: 1 орын – Нұржанова Менсұлу Базарбекқызы, Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі, тәлімгер; 2 орын – Лескен Расул, Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі, тәлімгер. Жеңімпаздар (Е.К.Кенжебаев, Б.У.Матчанов, А.А.Манатов, А.Б.Ахметова, Н.М. Нұржанова) 2021 жылғы қараша айының 3-4 күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде өскен өңірінің намысын қорғайтын болады.

Жас педагогтарды жеңістерімен құттықтаймыз және қорытынды кезеңде жемісті нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспіз! Айта кетейік, бүгінгі таңда мектеп таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын заманауи, білімді, адамгершілік, іскер жас мұғалімдерді күтеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий