“Жасыл офис – 2021”: Үшінші республикалық байқаудың нәтижесі

Отандық компаниялар мен кәсіпорындар арасында «Жасыл офис – 2021» үшінші республикалық байқауы ұйымдастырылған болатын. Осы байқауға аймақтағы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жанынан «Өтес жалпы білім беретін орта мектебінің» биология пәні мұғалімі Кемалова Саясат қатысып, үздік жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Білім беру саласында (жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер, балабақшалар және тағы да басқалар). Бірінші орын: Өтес жалпы білім беретін мектеп; екінші орын: №89 ІТ мектеп-лицейі; үшінші рын: «КММ Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп»; төртінші орын: Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті; бесінші орын: «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ.

Жүз өтініштің арасынан суырылып шыққан «Өтес жалпы білім беретін орта мектебі» және биология пәні мұғалімі Кемалова Саясаттың үлгі болар тұсы «жасыл» технологияны насихаттау. Қоршаған ортаға тигізер пайдасы мол бұл сайыс тұрғындарымызды жасыл желек өсіруге табиғатты аялауға жетелейді деп сенеміз. Білім саласында атқарып жүрген еңбегі мен мерейді өсіретін жетістіктерімен алдыңғы қатардан көрініп жүрген Саясат Кемаловаға алғыс айтып, сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий