Тәрбие – білімнің қайнар көзі

Тәрбие – бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекетін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты «Тұлға» қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. «Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» – деп халық даналығы айтқандай қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және демократиялық өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның дербестік сипатта дамуы маңыздылыққа ие болуда.

Біздің орталық қызметкерлерінің негізгі мақсаты – баланың жан-жақты дамыған, кез-келген ортада өзін еркін ұстай білетін, дарынды, алғыр бала етіп тәрбиелеу. «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жыл сайын 16-ауысым бойынша 4300-4500 оқушы келіп, өзінің алған білімін жетілдіріп, сауығып, және де өздеріне өмірлік дос бола білетін оқушылар мен мұғалімдер арттыруда. Уақытша құрылған ұйымда 20 күн бойы ұйымдастырушы-ұстаздар жетекшілік етеді. Ұйымдастырушы-ұстаз балаға ата-ана, аға-әпке, жол бастар көшбасшы іспеттес.

Орталыққа келген әр баланың мінез-құлқына байланысты ортаға бейімделуі, топта өзін еркін ұстауы бәрі ұйымдастырушы-ұстаздарға байланысты. Оқушылар топқа бөлінеді, балалардың таныс емес ортада бірден ашыла алмайтыны да көптеп кездеседі. Бұл оқушы басты назарда болуы маңызды. Әр баланы жеке тұлға деп қабылдап, өзінің шектік шекарасынан шығарып алмай дұрыс бағыт-бағдар беріп тәрбиелеу керек. Міне сонда ғана топты біріктіріп, «Ең үздік топ» етіп шығара аласың. 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» – деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама-философ Әбу Насыр әл-Фараби бекерден айтпаса керек. Осы орайда, бала тәрбие ұғымын балалық шағынан бастап ата-анасының айтуынан үйреніп келеді, ал біздің, яғни ұйымдастырушы-ұстаздардың мақсаты баланы ойын арқылы өзіне баурап алу. Ересек адамның баланы басқарудағы ең үлкен құралы ол – ойын. Ұйымдастырушы-ұстаздар ойындар арқылы баланың көңілін тауып, жанындағы адамдарға, достарына, жағымды сезімдер оятады.

Ауысымға келген әрбір бала топқа қосылғаннан бастап ұйымдастыру кезеңінен, негізгі кезеңнен, және қорытынды кезеңнен өтеді. Яғни ауысым өздеріңіз түсінгендей 3-кезеңнен тұрады. Ұйымдастыру кезеңі; Бұл кезеңде балаларға көбінде таныстыру ойындары ойнатылады, яғни бала өзінің тобындағы және ұйымдастырушы- ұстазын жақсы танып білу мақсатында. Бұл кезеңде балаға ұйымдастырушы-ұстазы, орталық, орталықтың заңдары мен ережелері, топ ішіндегі заңдар толықтай түсіндіріледі.

Негізгі кезең; Бұл кезеңде балалар ұйымдастырушы-ұстазын, бірін бірі толықтай танып білген соң, ұйымшылдықтарын арттыру, достықтарын нығайту, бір-біріне деген адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында түрлі ойындар ойнатылады. Қорытынды кезең; Бұл кезеңде атауы айтып тұрғандай ауысымды қорытындылау, естеліктер қалдыру мақсатында көбінесе ойындар емес, сұхбат – әңгіме жүргізіледі. Яғни, түрлі ойындар арқылы біз баланың көңілін аулаумен қатар, оның психологиясын ұғына бастаймыз.

Ал баланың психологиясын білген соң ол баламен жұмыс жасау оңайға түседі. Біздің орталықтың басқа да білім ордаларынан ерекшелігі – мұнда келген әр бала өзінің өмірінің бір бөлшегі болатын балалық шағының естен кетпес естелігіне айналдыруында. 20 күн бойында білім беріп, тәрбиелеп, сауықтырып қана қоймай, әр баламен жеке жұмыс жасап, қалыптасқан өмір салтына өзгерістер енгізудеміз. Орталыққа келген әр баланың жүрегінен орын алып, қайта келуді арман ететіндей бар күш-жігерімізді салмақпыз. Білімнің қайнар көзі – тәрбие.

Ұлт болашағы болатын жастарымызға жақсы тәрбие беріп, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына ену басты мақсатқа айналғалы қашан. Ұлт ертеңі болар жастарымызға дұрыс тәрбие беріп, саналы білім беруді мақсат тұтқан орталығымыз биыл өзінің 3 жылдық мерейтойын тойлауда. Осы өткен 3 жыл ішінде көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Әр ауысым өзінің белгіленген тақырыбы аясында өтіп, оқушыларымызды ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеп, үлкенге құрмет көрсетіп, қатарласына сый көрсетердей етіп тәрбиелей алдық деген ойдамыз.

Балалардың «Арман аралы» атанған «Балдәурен» РОСО бүгінде көркейіп, құлашын кеңге жаюда. Үздіктердің-үздігі бола білген әр бүлдіршінді өз орталығымызда көргіміз келеді. Бақыттың ордасы қашанда өзінің жас достарына есігін айқара ашуда. Туған күнің құтты болсын «Балдәурен-Түркістан!».

Айнұр Шүкірқызы ЕРНАЗАРОВА,
«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы
ұстазы, 
Түркістан облысының Төлеби ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий