Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторанттардың республикалық шеберлік апталығы басталды

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында «Жаратылыстану ғылымдары және пәндері: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» атты докторанттардың республикалық шеберлік апталығы басталды. Апталықтың мақсаты – жаратылыстану ғылымдары мен пәндері бойынша докторанттардың инновациялық зерттеулерімен танысу, олардың өзара тәжірибе алмасу алаңын құру және талантты докторанттарды ынталандыру.

Еліміздің талантты докторанттарын бір арнаға тоғыстырған шеберлік апталығы қараша айының 30-ына дейін жалғасатын болады. Апталықтың алғашқы күнінде докторанттардың вебинарлар топтамасы өтеді. Шеберлік апталығына еліміздің ЖОО-да білім алатын докторанттар мынадай шаралар бойынша қатысуда: «Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» атты вебинарлар (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15.00-17.00 аралығында).

«Үздік мақала» байқауы; «Өркениеттер тоғысындағы жаратылыстану: ғылыми идеялардың эволюциясы» тақырыбында үздік пост байқауы. Апталықтың соңғы күні офлайн режимінде байқаулардың жеңімпаздары және үздік спикерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады. 

Шахислам Ұзақбайұлы ЛАЙСХАНОВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 
постдокторанты, PhD докторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий