“Өзін-өзі тану” гуманитарлық колледжінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие беру
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы, яғни оның өзіне тән мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Жеке тұлға — қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым — қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам.

Тәрбие беру -ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өз ұлтымыздың жауқарларын сіңіру болып табылады. Біздің дана халқымыз қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесіне ұлт болашағы деп қарап үлкен көңіл бөлген. Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап, жемқорлық, өз- өзіне қол салу және тағы да басқалар толып жатыр.
Адамзаттың ең асылы –«адам». Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Әрине, кез-келген ата-ана өз баласының дамуына қызығушылық танытады, бірақ біз даму интеллектуалды, физикалық және рухани даму болып, үш бағытта жүретінін түсінуіміз керек.
Өкінішке орай, көптеген адамдар әлі де интеллектуалды дамуға негізгі екпін мен бейімділікті қояды. Бала ақылды, ойы ұшқыр, логикасы дамыған болуы керек. Екінші мақсатқа ата-аналар, физикалық дамуды қояды – бұл жүзу, бокс және тағы басқа. Даму осымен тоқтайды, бірақ көптеген ата-аналар және ұстаздар баланың білімі мен тәрбиесінің дамуының басты да негізгі компоненті туралы ұмытып кетеді. Баланың дамуы мен тәрбиесінің негізі рухани компонент болып табылады. Балада рухани тәрбие болса бұл физика мен интеллекттің негізін қалауға болатын негіз екенін түсіну.
Ал, түсінген кісіге жас ұрпаққа жалпыадамзатттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің орны ерекше болады. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен қатар жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді басты назарға алады. Колледждің педагогикалық процесінің мазмұндық-ұйымдастырушылық құрылымы адамгершілік-рухани тәрбиеге бағытталған, ол өзімен және қоршаған әлеммен үйлесімді қарым-қатынас құра алатын мамандар даярлаудан тұрады.
Колледждегі оқу үдерісі жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде тәрбие жұмысының барлық салаларында адамгершілік-рухани компоненті бар. Колледжде студенттердің таңдаулары бойынша жұмыс жасайтын клубтар, спорт секциялары, би ансамблінің сабақтары, хор, киноклуб, көркемсурет студиясы, театрларға, музейлерге жорықтар – болашақ педагогтардың үйлесімді дамуына мүмкіндік бере отырып, адамгершілік қасиеттері мен мәдениеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастырады.
Айналамызда болып жатқан әртүрлі жағдайлар, адамзаттың өміріне ықпал етуде. Ғылым мен техниканың дамуы адамның мүмкіндіктерін арттырса, табиғи апаттар, экологиялық проблемалар, соғыстар керісінше өмір сүру үдерісі мен қоғамға, адамзатқа зиянын тигізуде. Осы ретте адамгершілік қасиеттердің, жанашырлық, қайырымның, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің аса қажеттігін сезінеміз. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі, қорғансыз жандарға қол ұшын созу біздің колледж студенттердің де дәстүрлі шарасына айналған.
Президентіміздің 2020 жылды Еріктілер жылы деп атауы да бұл әрекеттің маңыздылығын көрсеткендей. Осы ретте «Өзін-өзі тану» адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінде «Руханият» клубы жұмыс жасайды. Клубтың басты мақсаты – қоғамның пайдасына еріктілер жұмысының идеяларын насихаттау және жастарды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту. Колледждің руханият еріктілері «Алматы» телеарнасының қолдауымен тікелей эфирге шығатын «Шешімі бар» бағдарламасына жиі қатысады.
Сонымен қатар қалалық іс-шараларға қатысады. Студенттер жыл сайынғы «Алматы марафондары» қайырымдылық марафонына белсенді қатысады, жиналған қаражат қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмекке кетеді, оларға медициналық көмек пен психологиялық көмек көрсетіледі. Карантин кезеңінде «Руханият» белсенділері елдің әр аймағында тұратын еріктілердің шағын клубына бірігіп, студенттер ата-аналарымен бірге зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді жинап, жеткізді, оларға көңілдері мен қамқорлығын көрсетті.
Көптеген жылдар бойы еріктілер Аналар үйінде, Сәбилер үйінде, Ардагерлер үйінде, «SOS. Алматы балалар ауылы» әрқашан жылы қарсы алады. Руханият еріктілерінің маңызды бағыттарының бірі – экологиялық мәдениетті дамыту болып табылады. Алматы қаласының ЭКО белсенділерімен бірлесіп өткізген «Қалдықтарды бөлек жинау» тренингі есте қаларлық және әрі қарайғы іс-әрекеттерге түрткі болды. Осы кездесуден кейін студенттер қайталама шикізатқа жаңа өмір сыйлай отырып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өзіндік үлес қосуды ұйғарып колледж аумағында және жатақханада пластикалық бөтелкелер мен макулатураларды бөлек жинауға арналған экологиялық таза контейнерлер орнатылды.
Колледжде ECOchelleng қозғалысы үнемі жұмыс істейді: студенттер колледж аумағын, спорт алаңдарын, жатақхананың жанындағы суағарларды тазалайды. «Өмір игі істер жасау үшін беріледі!» деген ұранмен студенттер үнемі қайырымдылық шараларын өткізеді. Сонымен қатар колледжімізде «Room of Requirement» деп аталатын бөлме бар, онда кез-келген адам жақсылық жасауға немесе жақсылық алуға келеді. Осылардың негізінде алған рухани-адамгершілік білімдер әрбір студентіміздің өмірлік тәжірибесіне айналмақ, яғни өзінің мүмкіндіктерін жете түсінуге, мінезіндегі кемшіліктерді көріп, оны түзетуге, қоғамға пайда келтіруге және қажетті екенін сезінуге көмектеседі .
Айгерим Жамеловна КУШЕРОВА
“Өзін-өзі тану” Адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжінің оқытушысы