“Елбасы медалі” амбассадорлары “Елбасы жолы” экспедициясына аттанды

Еліміздің әр өңірінен келген 10 жас белсенді «Елбасы жолы» экспедициясына аттанды. Экспедиция мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси жолын зерделеу, оның өмірінде маңызды орын алған жерлерге бару, «Ел Үміті» бастамасының жобаларына қатысушылармен кездесу, – деп хабарлайды “Елбасы Акамедиясының” баспасөз қызметі.

25-31 қазан аралығында экспедиция қатысушылары Шамалған, Қаскелең ауылдарын және Алматы қаласын аралайды, Түркістан қаласының көрікті жерлеріне саяхаттайды, Теміртау мен Нұр-Сұлтанға барады. 10 қатысушы «Елбасы медалі» жобасының 20 мың қатысушысы арасынан іріктелгендер. Іс-шараны «Елбасы академиясы» КҚ ұйымдастырды. 

Экспедиция Елбасының туған жері  Алматы облысының Шамалған ауылынан басталады. Қатысушылар Елбасының балалық шағында ұшқыш болуды армандағанын біледі, сондай-ақ оның балалық шағы өткен жерлерді көреді. Шамалған ауылында амбассадорлар Үшқоңыр тауының етегінде орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына барады. Орталықта Елбасының өмірі туралы ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы бай материал сақталған.

 

Саяхат қатысушылары 63 жыл бұрын Елбасы бітірген Қаскелең қаласындағы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясына» барып, «Birge Oqý» онлайн-мектебінің оқушыларымен кездеседі. Онлайн-мектепте ауыл мектептерінің оқушылары мен «Мың бала» ұлттық олимпиадасының финалистері білім алуда. Бұл 14 облыстың 3,5 мыңға жуық оқушысы, олар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, Республикалық физика-математика мектебі мен фелорда лицейлерінде сабақ беретін 104 жоғары білікті мұғалімнен қосымша білім алады. Алматы облысы бойынша мұндай мүмкіндікке 304 оқушы ие болған. 

Келесі күні турға қатысушылар Алматы қаласына барып, Республикалық физика-математика мектебіне барады. Бұл мектепте «Мың бала» олимпиадасының 35 жеңімпазы оқиды. Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға және қолдауға бағытталған. Екі жыл ішінде олимпиада ауыл мектептерінің 5-6 сыныптарының 400 мыңнан астам оқушысын қамтыды. Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде.

 

Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge Oqý онлайн-мектебінде білімін жетілдіреді. Содан кейін амбассадорлар халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен және Нұрсұлтан Назарбаев қорының сыйлығын иеленген «Ел мақтанышы» жеңімпаздарымен кездеседі. Экспедиция қатысушылары бұдан әрі Түркістан, Шымкент, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларына барады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий