Пікірталастан шындық туады

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мақсат Мұратұлы «Елбасы – Ел тірегі» облыстық пікірсайыс турнирінде 1-орынды жеңіп алды. Жас пікірсайысшыға 100 мың теңгенің ақшалай сертификаты табыс етілді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«Елбасы – Ел тірегі» пікірсайыс турнирі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Зияткерлік рингте Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген 34 топтың мықтылары күш сынасты. Ойын парламенттік пікірталас түрінде өтті. Әр командада екі спикер болды. Ойынға қатысушыларға «Тәуелсіздік – табысқа апарар жол» тақырыбында пікірталас ұсынылды, онда Тәуелсіздіктің қалыптасуы, Қазақстан азаматтары үшін тәуелсіз мемлекет мәртебесінің маңызы, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі Қазақстан тағдырындағы рөлі туралы айтылды.

– Облыстық дебаттарға алғаш рет қатыстым, мен бұған өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы тәжірибем болса да, мен өзімнің біліміме сенімді болғандықтан, өз басымда ешқандай күмән немесе қорқыныш сезінбеймін. 9 ай бойы дебатпен айналысып келемін, бұл менің алғашқы жеңісім, нәтижем, – дейді облыстық турнирдің жеңімпазы, НЗМ 11 сынып оқушысы Мақсат Мұратұлы бөлісті. 26 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді, оған біздің оқушымыз Мақсат Мұратұлы да қатысады. Жас пікірсайысшыға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий